«Жерді заңсыз иемдену – жауапкершілікке әкеп соғады !»

Вторник, 18 Апрель 2017 10:28 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3591 раз

Ағымдағы жылдың ақпан айының 28 жұлдызы күні Шымкент қаласы Абай ауданы сотының шешімімен Шымкент қаласы әкімінің жауапкер «К.А.» қатысты талап арызы қанағаттандырылып, жауапкермен Шымкент қаласы, Ынтымақ шағын ауданы аумағында орналасқан алаңы – 294 м² өз бетінше иеленіп алған жер телімін мемлекет меншігіне қайтаруға және осы жер теліміне заңсыз салынған құрылыстарды бұзу арқылы жер телімін бастапқы қалпына келтіруге міндеттеліп, жауапкерден мемлекет кірісіне 3 403 теңге көлемінде мемлекеттік баж өндірілді.

Мұндай сот шешімінің шығуына аталған жер телімі жауапкермен заңсыз, яғни құқықтық растаушы құжаттарынсыз өз бетінше иеленіп алынғандығы себеп болған.

Істі сотта қарау барасында, алдын 29.09.2016 жылы ОҚО жер инспекциясы басқармасымен жоғарыда көрсетілген жер теліміне зерделеу жұмыстары жүргізіліп, жауапкердің өзіне тиесілі жер телімінен артық – 294 м² жер телімін өз бетінше фундаментпен қоршап, пайдаланып жатқаны анықталып, бұл жөнінде бір мезгілде акт, хаттама толтырылғаны, сонымен қатар 05.10.2016 жылы жауапкерге жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулысымен 75 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 159 075 теңге айыппұл салынғаны анықталған.

Сондықтан, жер телімін заңсыз иелену тиісті әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатыны және сот тәртібімен мемлекет меншігіне кері қайтарылуға жататыны назарларыңызға салынады.


Н.Садырбай

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.