Парламент Сенатының депутаттары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында болды

Четверг, 20 Апрель 2017 05:14 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2702 раз

ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының объектілерін аралады. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында мемлекеттік корпорацияның жұмысы, жыл қорытындысы мен алдағы жоспарлары талқыланды.

tson

Кездесу барысында сенаторларға «100 нақты қадам» - ұлт жоспарының жүзінші қадамының іске асырылуы шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жұмысының «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету, әлеуметтік төлемдерді есептеу және жер кадастрын жүргізу, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру бағытындағы объектілерін таныстырып көрсетті.

Бұл жұмыс сапары Целиноград ауданы Акмол ауылындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімінен басталды. Мұнда азаматтар электрондық үкімет порталы арқылы өз беттерінше мемлекеттік қызмет түрлерін алуға болатын «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторының жұмысы қонақтардың аса назарында болды. Астана қаласы бойынша Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінде сенаторларды мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің және жылжымайтын мүлік тіркелімінің мемлекеттік деректер базасының жұмысымен таныстырды. Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есптеу орталығына барған кезде сенат депутаттарына құжат қабылданған сәттен бастап істің электрондық макетін қалыптастырғанға дейінгі әлеуметтік түсімдердің есептелуі барысы таныстырылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» өз жұмысын 2016 жылдың сәуір айында бастаған. Жаңа мемлекеттік корпорация құрамына жұмыс істеп тұрған «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы» және «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» - төрт республикалық мемлекеттік кәсіпорын енді. Бір жыл ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» 37 млн. мемлекеттік қызметті көрсетіп үлгерді.

Алдағы уақыттағы міндеттер қатарында мемлекеттік корпорацияның азамат-мемлекет қатынастарын өзгертудің негізгі драйвері болуына мүміндік беретін 2.0 трансформациясын енгізу кезеңі тұр, ол мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қарапайымдылық, қолжетімділік, сапа және жайлылық принциптеріне бағытталған.


«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік
қоғамының баспасөз қызметі
тел.: 8 7172 27 06 58 (ішкі 109)

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.