Жолдауда айтылған бес негізгі басымдық еліміздің экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге тың серпіліс береді

Четверг, 20 Апрель 2017 05:25 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3931 раз

Қазақстан Республикасының Конституциясның 44 – бабына сәйкес ҚР Президенті «Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды»; Ел Президентінің жыл сайынғы жолдауын халықтың қарты мен баласына дейін күтетіні белгілі. Ел азаматтары жалпы қоғам жолдаудан елдің алдағы бағыты, алар белестері мен жоспарлары айқындығын көріп, алға бастар жол алады.

         Биылғы жолдау 31 қаңтарда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» бағытында арналып елге жолданды. Жолдауда айтылған жоспарларды билік тармақтарының заң шығарушы парламент депутаттары өз сайлаушылары арасында түсіндірме жұмыстарын сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар мен тиісті министрліктің құрылымдық бөлімдері оның ішінде әділет департаменті де түсіндірме жұмыстарының жоспарын бекітіп түсіндірме жұмыстарын бастап кетті.

         Жолдауда бүгінгі Қазақстанға үшінші жаңғыру жөнінде міндеттер қойылып отыр. Бірінші және екінші жаңғыру дәуірінде еліміз тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын қалыптастырып, елдің нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды.Осы тұста екінші жаңғыру белестерінде еліміз 50 бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына кірді.

         Үшінші жаңғыру белесінде еліміз «Қазақстан - 2050» стратегиясына бастайтын «100 нақты қадам» ұлт жоспары базасында өткізіледі. Еліміздің енді 30 озық елдің қатарына кіруге бастайтын бес негізгі басымдық ұсынылып отыр.

         Бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы. Екінші кешенді міндет – жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға арналып отыр. Бұл бағытта әлемдік нарықта экспорт өнімдерін арттыру және Үкіметке 1 қыркүйекке дейін экспорт стратегиясын әзірлеуді. Сонымен бірге еліміздің минералдық – шикізат базасын кеңейту тұрғысында жыл соңына дейін Жер қойнауы туралы жаңа Кодексті қабылдау тапсырылды. Осы жаңа кодексті қабылдауда Әділет министрлігінің қосар үлесі болары анық.

         Әділет министрлігінің жоспарына сәйкес Жер қойнауын пайдалану саласын сапалы жаңа деңгейге шығару және оның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс әзірленетін болады.

  Екінші кешенді міндетте еліміздің стратегиялық мақсатымыздың бірі - елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайыз болуын қамтамасыз ету. Бізде шағын орта бизнесті қолдау көрсеткіші Үкіметпен бекітілген Дүниежүзілік Банктің«Doing Business» («Бизнесті жүргізу»). Рейтингінде кәсіпорындарды ашу бағытында 2016 жылдың көрсеткіші бойынша – 21 орын (бұрын – 53, 32 позицияға көтерілген) айтуға болады.

Үкіметке биылдан бастап нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуды сонымен қатар, өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да,қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие алуға болатындығы айтылды.

Бизнесті қолдау мақсатында азаматтардың өздері баруды қажетсінбейтін электрондық форматқа көшіру қажеттігін сонымен қатар, Үкімет пен әкімдерге 1 шілдеге дейін бизнесті қайта реттеу жөнінде шаралар ұйымдастыру көзделіп отыр.

Үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық мұндағы басты міндет ақша – несие саясатының ынталандрушы рөлін қалыпқа келтіру және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тарту. Мұнда қаржының игерілуін тиімділігін тексеру тапсырылып отыр.

Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту. Бұл басымдықта бірінші кезекте білім сапасына айқын басымдық беріліп отыр. Қала мен ауыл мектептерінде білім беру сапасының алшактығын азайту керектігі айтылды. Қазақ тіліне деген басымдық сақтала отырып, 3 тілді оқуға кезең - кезеңмен көшу мәселесіне ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.

Осы басымдықта денсаулық саласына да өзгерту қажеттігі айтылды. 1 шілдеден бастап мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі.

Денсаулық саласына қаттысты дәрі – дәрмектің бағасын реттеу тапсырылған.

Әлеуметтік қамтамасыз ету саласына қатысты 1 шілдеден бастап 2,1 миллион зейнеткер үшін зейнетақы 2016 жылғы деңгейден 20 пайызға дейін арттырылады.

Бұдан бөлек, базалық зейнетақы тағайындау 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылады. Оның көлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді. Сонымен қатар, әлеуметтік жағдайға қатысты 2017 жылдың 1 шілдесінен бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі 20 пайызға өсірілетін болады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету шегін ең төменгі күнкөріс шегінің 40 пайыздан 50 пайызға өсіріп, оның жаңа форматын енгізу ұсынылып отыр.

Бесінші басымдық – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты. Бұл бағытта жеке меншік секторын қарғауды және құқықтық үстемдігіне, баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге тиісті жұмыстарды жалғастыру тапсырылып отыр. Әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру, әкімшілік айыппұлдарды әділетті және құқық бұзушылық деңгейіне сәйкес болуға тиіс.    

Қауіпсіздік саласында діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керектігін сонымен қатар, қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру керектігі айтылды.

Осы бағытқа 2017 – 2020 жылдарға арналған Діни экстремизм мен терроризм қарсы бағдарлама әзірленетіндігі айтылды.

Жолдауда айтылғандай «Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс».

Баршамыз жолдауда айтылған бағыт – бағдарларды өз саламыз бойынша орындалуына тиісті жұмыстар атқарып, тиісті деңгейде насихаттап тәуелсіз еліміздің жаңа технологиялық жаңғыруында өз үлесімізді қоса білейік.


 

                                                                       ОҚО Әділет департаменті   басшысының орынбасары,
«Қазақстан Заңгерлер одағы» ҚБ-нің мүшесі М.Исабеков

Последнее изменение Пятница, 26 Май 2017 11:11
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.