Алаяққа алданып қалмаңыз!

Вторник, 16 Май 2017 10:44 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4410 раз

Соңғы жылдары елімізде алаяқтық фактілері орын алуда, оның ішінде алаяқтықтықты нәзік жандылардың жасауыл жиі орын алуда.

Олардың көбісі әлеуметтік жағдайларды түзеп беруге атап айтқанда, жұмысқа орналастырудан бастап, мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындауға жұмыстарнына көмектесуге уәде етеді,    «мeмлeкeттiк бағдарлама» бойынша көп қабатты үйлерден пәтер алып деп алаяқтардың айлакерлігі өз алдына бір мақалаға жүк боларлық.

Мысалға, Әл-Фараби аудан сотымен «Б» есімді азаматшаға қатысты қылмыстық іс қаралып,онда «Б» есімді азаматша 2016 жылы Шымкент қаласында алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін алдау және сенімге қиянат жасау арқылы жымқыру мақсатында, өзінің танысы «Т» есімді азаматшаны құзырлы мемлекеттік органдарда лауазымды таныстары барын, солар арқылы оған Шымкент қаласының «Нұрсат» мөлтек ауданынан үш бөлмелі пәтер алып беруге мүмкіндігі барын алдап айтып, жәбірленуші «Ф» есміді азаматтан жалпы 270000 теңге ақшасын алып, өзінің бас пайдасына жаратқан, осы тектес жалпы 19 көрініс бойынша аудандық сотпен қылмыстық іс қаралып, нәтижесімен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190 бабының 4 бөлігі 2 тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленген.

Жалпы, алаяқтардың арбауына түсіп қалмаудың жолы қайсы? Ол үшін алдымен алаяқтық дегеннің не екенін түсініп алудан артықтығы жоқ. Алаяқтық – алдау немесе сенімге кіру арқылы бөтеннің мүлкіне қол сұғу, иә болмаса бөтен мүліктің құқығына ие болу арқылы іске асатын қылмыс болып табылады. Қазақстанда алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген. Алаяқтық үшін берілетін ең жоғарғы жаза — бас бостандығынан 10 жылға дейін айыру.


 

Әл-Фараби аудан прокуратурасының прокуроры 3-сыныпты заңгер А. Адырбеков

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.