Кәмелетке толмаған жасөспірімдер қылмысы өсуде

Вторник, 16 Май 2017 10:45 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3722 раз

Соңғы жылдары баспасөз беттерінде жасөспірімдер қылмысы туралы мәселелер көп айтылып жүр. Айтпасқа шара бар ма? Жасөспірімдермен жасалатын қылмыс саны жылдан-жылға артып, олардың жасы бара-бара майдаланып барады.

Бүгінгі күнде ата –анасының қарауынсыз, мұғалімдердің назарынан тыс жүрген жастар көп. Олардың өз уақыттарын қалай өткізіп жүргенімен ешкімнің шаруасы жоқ. Көп ата-ана бұған нарық заманын кінәлі санайды: сауда саттық, бизнес балаға қаратып қойсын ба, деп жалтарады. Сонда ол еткен еңбегі не үшін, кім үшін керек деген ой туындайды. Азаннан қара кешке дейін тапқан табысың бала-шағаңды аяқтандыру үшін, соңыңдағы түтініңді өшірмеу үшін емес пе ? «Тәрбие басы табалдырықтан» дейді, сонда ата–анасының тәрбие-тәлімін көрмеген ұл-қыздан болашақта не үміт, не қайыр дейсің, еріксіз.  

         2017 жылдың 4 айында Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы бойынша қылмыстық қудалау органдарымен жалпы 2285 қылмыс тіркелген болса, ал 2016 жылдың4айындажалпы3002қылмыстіркеліп, қылмыссаны23,9% төмендеген.   

         Алайда, 2017 жылдың 4 айында жасөспірімдермен жасалған 30 қылмыс тіркелсе, 2016 жылдың 4 айында жасөспірімдермен20қылмыстіркеліп, қылмыс саны 50% өскен.

Статистика бойынша қылмыс жасаған жеткіншектердің басым бөлігі берекесіз және тұрмысы нашар отбасының балалары. Үйінде күнделікті жанжал, баламен шаруасы жоқ отбасыда баланың көңілімен, жан-жүрегімен санасатын адам жоқ, керісінше психологиялық тұрғыда ауыр салмақ, көңіліне қаяу түсіреді. Отбасы жылылығы мен өнеге тәлімін көрмеген баланың бойына өшпенділік пен немқұрайдылық сияқты теріс қасиеттер үйір. Ондай баланың өзге бақытты отбасы балаларына іштей қызығатыны кәміл. Осыдан кеп, бала өз сыныптастары арасында билік жүргізуге, қара күш жұмсауға құмарланады. Мұның соңы әрине жақсылыққа әкелмейді. бұзақылық, қарақшылық, ұрып соғу сияқты қылмыстар осындайдан шығады.

Тұрмысы нашар, ішіп-жеріне жарымайтын отбасының балалары көбіне сұғанақтыққа бой алдыратыны белгілі. Қайыршылық жасап, я біреудің қалтасына ұрлыққа түсіп, жеңіл нан табудың жолын бір біліп алса, оларды ол жолдан тайдыру оңайға соқпасы кәміл.

Заң атаулыны орындау-баршаға бірдей міндет. Ал бұны баланың сана-сезіміне жеткізу ең бірінші - ата анасына, екінші-тәрбие беруші ұстаздарына парыз. «Болар бала әкесінің басын төрге сүйрейді, болмас бала төрдегі басын көрге сүйрейді», дейді дана халық.


 Әл-Фараби аудан прокуратурасының прокуроры Ж.Мамед

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Алаяққа алданып қалмаңыз! «Алаяқ құрықталды» »