«Алаяқ құрықталды»

Вторник, 16 Май 2017 10:46 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3509 раз

А.Калдыкараева 2016 жылы сәуір айында Шымкент қаласында алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы аса ірі мөлшерде жымқыру мақсатында, танысы Е.Жиренбаев арқылы Шымкент қалалық білім бөлімінің бастығы болып қызмет атқаратын Ы.Мадиев өзінің жездесі болып келетінін, сол арқылы осы салада өткізілетін мемлекеттік сатып алуларды жеңіп алуға мүмкіндігі барын айта отырып Е.Махамбетовпен кездесіп, соңғының інісі жеке кәсіпкер Ж.Махамбетовты Шымкент қалалық білім бөлімі «112» жалпы орта мектептердің шатырларының ағаш құрылымдарын өртке қарсы өңдеуден өткізу жұмыстарына жариялап жатқан 31913630 теңгелік мемлекеттік сатып алуды жеңіп бере алатынын, ол үшін алдын ала мемлекеттік сатып алу сомасының 20 пайызы мөлшерінде 6800000 теңге ақша қажет екенін, 10 пайызы 3000000 теңгені алдын ала, қалған ақшасын сатып алуды ұтқаннан соң беретінін айтып, сеніміне кіріп, 08.04.16ж. Шымкент қаласының Ш.Қалдаяқов көшесінің бойында орналасқан жеке нотариус Д.Мекембектің кеңсесінде 3000000 теңге ақшасын, 21.06.2016ж. Шымкент қаласының «Нұрсат» мөлтек ауданында орналасқан жеке нотариус М.Сарсенбаеваның кеңсесінде 3800000 теңге ақшасын қарыз алу шартымен алдап алған.

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 13.03.17ж. үкімімен А.Калдыкараева Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, осы бап бойынша оған 5/бес/ жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Қазақстан Республикасының 13 желтоқсан 2016 жылғы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 4 бабы 1 бөлігі 2 тармағына сай, сотталған А.Калдыкараеваға тағайындалған жаза мерзімінің өтелмеген бөлiгiнің жартысы қысқартылып, түпкілікті 2 /екі/ жыл 6 /алты/ ай мерзім белгіленген.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 63 бабы негізінде тағайындалған жаза шартты деп есептелген.


Шымкент қаласы Әл-Фараби аудан прокуратурасының прокуроры аға әділет кеңесшісі Е.Сейтбеков

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.