9 мамыр

Вторник, 16 Май 2017 10:48 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2953 раз

Адамзат тарихында жеңістер көп екені бәрімізге белгелі, жеңістердің ішіндегі мән-маңызы жөнінен биіктердің бірі Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс болып табылады. Өткенді білмей, келешекке қадам басу мүмкін емес. Сондықтан болар,  біз әрқашан тарихымызды бағалап,  болашағымызды бағамдайтынымыз.

Ағымдағы жылы Ұлы Жеңіске жетпіс екі жыл толып отыр, сондықтан жыл сайынғы біз тоғызыншы мамыр күні соғыстың куәгерлері майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет білдіріп, қаза тапқандардың рухына бас иеміз.

Жетпіс екі жыл өтсе де, есімдері естен кетпеген батыр бабаларымыздың бізге артқан үмітін, тәуелсіз елдің ұрпағы, елге деген адал қызметімен дәлелдеулері қажет деп санаймын.

Тарих  төрінен тайға таңба басқандай орын алған, соғыс жылдары ерлеріміздің есімдерін шығарып қана қоймай, ержүрек аруларымыздың да бейнесін - батырлықтың символына айналдырды.

Бабаларымыз  отанды қорғауда ортақ мүддеге бас біріктіріп,  бір жеңнен қол шығару арқылы,   жеңіске жеткені баршамызға белгілі.

Бізді тәрбиелеп, тура жолды өсиет еткен, аға буын  ата-апаларымыздың сұрапыл майданға атсалысқаны, біздерге мақтаныш.

Тарихтың әрбір парағы біздерге қызық болып көрінгенімен, сол парақ бетіндегі ерлік пен елдікті басынан кешкендер үшін, оңай болмағаны күмәнсіз.

Осындай тарих бетінен көрініс тапқан ерлермен бір шатыр астында еңбек ету,  мен үшін сөзбен жеткізе алмас сезім екенін жасыра алмаймын.

Бізді тәрбиелеп, тура жолды өсиет еткен, аға буын  ата-апаларымыздың сұрапыл майданға атсалысқаны, біздерге мақтаныш.

Осындай мереке  қарсаңында 9-мамыр «Жеңіс күнімен» құттықтай отырып, отбасыларына амандық, бақ-береке, тату ғұмыр тілеймін.


Әл-Фараби аудан прокуратурасының прокуроры
3-сыныпты заңгер  А. Адырбеков

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.