Еліміздегі экстремистік және террористік жағдай

Вторник, 16 Май 2017 10:50 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3488 раз

Соңғы он жылдықта немесе қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында ағымдар, олармен байланысты экстремистік құбылыстар туралы естиміз. Осы бағытта әр түрлі экстремистік және террористік ұйымдар пайда болып, жаһандық қауіпсіздік үшін үлкен қауіп төндіруде. Бұл мәселе бүкіл әлемге ортақ індет болғандықтан және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен ішкі саяси тұрақтылығы үшін күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналуда.

Сырттай қарасаңыз Қазақстанда діни түсіністік пен татулыққа арналған шаралардың бүкіл әлемге ықпалы айтарлықтай бола қоймайтын секілді. Бұл күндері әлемнің түкпір түкпірінде дін аралық, ұлт аралық қақтығыстар болып жатса оларға Қазақстандағы тату бейбіт өмір сүруге шақырған жиналыстардың ықпалы қандай болмақ. Таяу Шығыстағы еврейлер мен Арабтардың арасындағы діни қақтығыстар мен соғыстар Қазақстанда Үндістандағы дінаралық және ұлт аралық қатысулар, Еуропадағы сербтер мен албандар арасындағы қақтығыстар, тіпті көршілес жатқан Ресейдегі орыстар мен шешендердің, Кавказ халықтары арасындағы қақтығыстар мен Ресей шовонизмнің бой көрсетулері секілді оқиғалар қаншама?

Елімізде Хизбут Тахир, Таблиғи жамиағат сияқты радикалды ұйымдардың өкілдері көбейді. Олар насихаттап жүрген Конститутциямызға қарсы уағыздар қазір қазақстандықтарға жаңалық емес. Егер осы радикалды ұйымдар дәл осы қарқынмен тарала берсе, ол Қазақстан халқының ортақ мемлекеттік мәдениетіне, демократиялық реформалардың халық санасында орнығуына кедергі болады.

Экстремизмге қарсы күрестің бірден бір жолы олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Бірақ жасөспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Секталардың, экстремистік топтардың қауіпі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде жоғарғы сыныптарда Дінтану сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отырулары керек.

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты конфессияаралық тұрақтылық пен толеранттықты сақтауға бағытталған. Біздің елімізде көне заманнан түрлі мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болған. Біз Елбасымыз айтқандай, тұғырын нығайтып, түтінін түзу ұшыруға барын салған, асылын ардақтай білетін, бірлігіміз жарасқан елміз. Халқымыздың зияткерлік шығармашылық әулеті өте бай. Біздің бірлігіміз бен ынтымақтастығымызға қол сұғуға ешкімге жол бермейміз.


Әл-Фараби ауданы
прокуратурасының прокуроры
1-сыныпты заңгер  Б.Мекенбаев

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « 9 мамыр Қос ауданда – жаңа прокурор »