Қазақстанның тұрақты заңнамалық негізін қалыптастыру

Пятница, 26 Май 2017 11:13 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2619 раз

Қазіргі кезеңдегі заңнаманы жетілдірудің негізгі бағыттары Қазақстанның тұрақты заңнамалық негізін қамтамасыз ету, оның сапасын жоғарлату, сондай-ақ тікелей қолданылатын заңдарды қабылдаудың тәжірибесін кеңейту, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің мониторингі бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру болып табылады.

Әділет органдарының басты міндеттерінің бірі - жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, заң жобалау жұмысын жүргізу, заңдарды талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілерге құқықтық сараптама жасау жолымен адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің тұрақты және үдемелі дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу.

Қоғамның өзі бізден барлық қызметімізді бір мақсатқа жұмылдыра білуді талап етіп отыр. Өйткені, қолданысқа енгізілген заңнамалық актілер уақытылы орындалуға тиіс. Елбасы айтқан мәселелер қашанда маңызды және оған басымдық беріледі. Н.Назарбаевтыңүстіміздегі жылдың ақпан айында қол қойып қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда Елбасының тапсырмалары айқын көрінісін тауып отыр.

Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне республикада кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар елімізде кәсіпкерлік қызметті жетілдіруге, кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін жағдайды жеңілдетуге бағытталып отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаменті халыққа жаңадан қабылданған нормативтік құқықтық актілер немесе толықтырулар мен өзгерістер енгізілген қолданыстағы заңнамаларға түсініктеме беру, азаматтардың құқықтық мәдениетін жоғарлатуға және білікті заң қызметіне қол жеткізулері бойынша көрсетілетін қызметтердің жүйелі түрде жүргізіліп отырылуын қамтамасыз етеді.

Осы орайда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 ақпандағы № 49-VI Заңының толық мазмұны «Егемен Қазақстан»газетінің 01.03.2017 жылғы №42 (29023) санында және «Казахстанская правда» газетінің 01.03.2017 жылғы №42 (28421)санында жарияланғанын хабарлаймыз.


Б. Нұрпейісов,

ОҚО әділет департаментініңзаңды тұлғаларды тіркеу

жұмыстарын ұйымдастырубөлімінің бас маманы,

«Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ-нің мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.