Кәсіпкерлікті жетілдіруге бағыттау

Пятница, 26 Май 2017 11:16 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3066 раз

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №269-V Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді. Аталған заңмен сала қызметін реттейтін «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар елімізде кәсіпкерлік қызметті жетілдіруге, кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін жағдайды жеңілдетуге бағытталып отыр. Яғни аталған Заң келесідей маңызды өзгерістер мен толықтыруларды қамтиды:

-шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін "электронды үкімет" веб-порталында тіркеу мерзімін өтінішті берген кезден бастап жұмыс күнінің 1 сағатқа қысқарту;

-шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін оларды мемлекеттік тіркеу және қызметін тоқтауды тіркеу кезінде тіркеу алымын төлеуді жою;

-шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 100 теңге жарғылық капиталының талап етуді жою;

-жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөрді жою.


ОҚО Әділет департаментінің

Заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын

ұйымдастыру бөлімінің бас маманы,

«Заңгерлер одағы» ҚБ-ның мүшесі

Б.Нұрпейісов

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.