100 нақты қадам – ел болашағының негізі!

Вторник, 27 Июнь 2017 06:06 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2996 раз

Елбасымыз Н.Назарбаев 2015 жылдың мамыр айында Қазақстан халқын ұлт жоспарымен таныстырып, бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 қадамын белгіледі.

Ұлт жоспары Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін нығайтуға, дұрыс жолдан адаспауға және күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын болады.

1-ші өзгеріс кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталып (15 қадам), мемлекеттік органдардың халыққа жақындауын, қызмет сапасын арттыруды көздеп отыр. Осы мақсатта 1 жылдан астам мерзімнен бері Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен «Өзгерістер» Бағдарламасы қабылданып, жаңа форматтағы әділ, сапалы және ашық прокуратура құру бағытында жұмыстар атқарылуда. Бұл межеге адами ресурстарды дамыту, процестерді жетілдіру және сервистік әдісті енгізу, технологияларды жетілдіру және тұрақты жақсарту жүйесін құру арқылы жететін боламыз.

2- ші өзгеріс заңның үстемдігін қамтамасыз етуге арналып (19 қадам), сот жүйесі мен жергілікті полиция қызметінің ашықтығы мен әділдігін, жеке сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту жолдары қарастырылған.  

3-ші өзгеріспен индустрияландыру мен экономикалық өсімді қамтамасыз ету қарастырылып (50 қадам), бұл саламен тығыз байланыстағы кеден, салық, құрылыс қызметі органдары қызметінің тиімділігін арттыруға және адам ресурстарын дамытуға көңіл бөлінген.

Сонымен бірге бұл бөлімде «Астана ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесінің инфрақұрылымдары базасында Астана қаржы орталығын құру жоспарланып, Орта Азия елдерінің қаржы хабын құру арқылы қаржы қызметінің жаңа түрлері енгізілетін болады.  

4-ші өзгеріс халықты біртектілік пен бірлікке шақырып (6 қадам), «Мәңгілік ел» патриоттық актісін әзірлеуге, Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысын нығайтуға және ұлт жоспарымен белгіленген өзгерістерді БАҚ беттерінде насихаттауға бағытталған.

5-ші өзгеріспен есеп беретін мемлекет қалыптастыру көзделіп, халыққа қызмет көрсетуді халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, дамыған ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы, үкімет ашықтығы қамтамасыз ету жоспарланған.

Бүгінгі күнде бұл 5 институционалдық реформалар белгіленген жоспарларға сай жүзеге асырылып, өз жемісін бере бастады және алдағы уақытта елімізді жаңа белестерге көтеруге ықпал ететініне сенеміз.


Абай ауданы прокуратурасының

аға прокуроры Д.Бекембаев

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.