Дүниежүзілік Банктің "Doing Business" рейтингінде Қазақстанның ұстанымдарын жақсарту

Среда, 12 Июль 2017 08:52 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3956 раз

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингі бойынша 30 елдің қатарына кіруі жөніндегі тапсырмасына сәйкес ҚР Үкіметі елдегі бизнес-ахуалды және рейтинг позицияларын жақсарту бойынша ауқымды жұмыс атқарды.

Дүниежүзілік банктің «Doing Business 2017» рейтингінде Қазақстан «Doing Business 2016» рейтингімен салыстырғанда 16 тармаққа өз рейтингін жоғарылатып 35 орынды иеленді, 2016 жылы біздің республикамыз 51-орында болған.

Қазақстан рейтингте Бельгия (42), Италия (50), Израиль (52), Грекия (61), Түркия (69) сияқты ЭЫДҰ-ның елдерінен басып озды. ЕАЭО елдерінің арасында Қазақстан рейтингте Беларусь (37), Армения (38), Ресей Федерациясы (40), Қырғызстан (75) елдерінің алдында тұр.

Дүниежүзілік Банк іскерлік ахуалды жақсарту бойынша реформалар үлесі жоғары топ 10 елді атап өтті, онда Қазақстан рейтингтің 7 индикаторы бойынша 2 позицияны иеленді. Сондай-ақ, Қазақстан соңғы 12 жылда төртінші рет үздік реформатор ретінде атап өтілді. Қазақстан рейтингтің «Миноритарлы инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша 3-орын алып, елдердің бірінші үштігіне енді.

«Келісімшарттарды орындау»  индикаторы бойынша 9-орын ала отырып, Қазақстан екінші жыл қатарынан елдердің бірінші ондығы қатарына орналасты. «Меншікті тіркеу» индикаторы бойынша 18-орындағы позиция сақталып отыр.

Қазақстанның рейтингтегі едәуір жақсы серпілісі «Құрылысқа рұқсат алу» (22-орын), «Электр желілеріне қосылу»  (75-орын) индикаторлары бойынша байқалуда.

Индикаторлар бойынша Қазақстанның позициялары: «Төлем қабілетсіздігін шешу» - 37- орын, «Кәсіпорындарды тіркеу» - 45- орын, «Салық салу» - 60-орын, «Кредиттер алу» - 75-орын,  «Халықаралық сауда» - 119- орын.

Дүниежүзілік Банктің «Doing Business 2017»  рейтингі бойынша бизнесті жүргізу үшін ең қолайлы елдер: Жаңа Зеландия (1), Сингапур (2), Дания (3), Гонконг (4) және Оңтүстік Корея (5).

Мемлекет басшысының бизнес-ахуалды түбегейлі жақсарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес ҚР Үкіметі жүйелі түрде жүргізген жұмысының нәтижесінде Қазақстанның «Doing Business» рейтингісінің жақсаруына ақпал етті. Мәселен, қолданыстағы заңнаманы реформалау, рұқсат беру жүйесін жетілдіру, бизнес құру мен мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру рәсімдерін жеңілдету арқылы бизнеске әкімшілік қысымды азайту және іскерлік ортаны жақсарту бойынша теңдессіз шаралар қабылдады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі құрылысқа берілетін рұқсатты алу рәсімдерін оңайлату, сондай-ақ халықаралық сауда бойынша Қазақстанның «Doing Business» рейтингісінің позицияларын жақсарту  бойынша ауқымды реформалар жургізді.

Дүниежүзілік Банктің есебінде Қазақстан жүргіп отырған  реформалары елде  бизнесті  жүргізудің жағдайларын  едәуір жақсартқаны аталды.

Қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында заңнамаға, рәсімдер санын, мерзімдері мен қаржылық шығындарын қысқартуға бағытталған үш түзетулер пакеті қабылданды, бұл өз кезегінде, кәсіпкерлікке түсетін ауыртпалықты елеулі төмендетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ,  Дүниежүзілік Банк Тобы Қазақстан Республикасы Үкіметінің реформаларын келесі бағыттар бойынша атап өтті: 

Бизнесті тіркеу

Қазақстан шағын және орта кәсіпорындарды тіркеу үшін ақыны алып тастау, тіркеу мерзімін қысқарту және компания мөрін пайдалану туралы талапты жою арқылы кәсіпорындарды тіркеу рәсімдерін жеңілдетті.

Құрылысқа рұқсат беру

Қазақстан жер учаскесіне топографиялық түсірілім жүргізу туралы талапты алып тастау арқылы құрылысқа рұқсат беру рәсімдерін жеңілдетті.

Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу

Қазақстан электрмен жабдықтау желілеріне қосылуға техникалық талаптарды беру мерзімдерін қысқартты  — 200 к Вт дейінгі электр қондырғылары қуаттылығымен белгіленген тұтынушылар үшін 14 тен 5 күнге дейін. Энергиямен қамту ұйымдарының тұтынушыларының жобалық шешімдерін келісу мерізімі  үш күнге дейін (20-дан) қысқарды. Құрылыс-құрастыру жұмыстарына рұқсатты алу қажеттілігі жойылды. Енді жобалаушыға элеткронды нысанда мемлекеттік сәулеттік-құрылыс бақылау басқармасына жұмыстардың басталуы туралы хабарлама жіберу жеткілікті. Сонымен қатар  мемлекеттік энергия қадағалау және бақылау органынан электр желісіне қосылуға рұқсат алу қажеттілігі жойылған. Электрмен қамтуға шартты жасаудың апталық мерзімін электрмен қамту ұйымы үш күнге дейін қысқартты.

Миноритарлық инвесторларды қорғау

Қазақстан байланысты тұлғалармен мәмілелер туралы ақпаратты жедел ашуды және жылдық қаржылық есептерде егжей-тегжейлі ақпаратты талап ететін жаңа ережелерді енгізе отырып; сотта дәлелдер алудың түрлі тәсілдеріне жол берумен; кәсіпорындағы үлеспен байланысты құқықтардағы өзгерістердің басқа акционерлердің үштен екісінің дауысымен бекітуге жататыны туралы талапты енгізе отырып; еншілес ұйымдарға бас компания шығарған акцияларды салып алуға тыйым салумен; және басқарма мүшелерінің басқа компаниялардың директорлары болып табылатындығы не табылмайтындығы туралы және олардың бұрынғы жұмыс орындары туралы ақпаратты ашуды талап ете отырып миноритарлық инвесторларды қорғау бойынша шараларды күшейтті.

Келісім шарт орындалуын қамтамасыз ету

Қазақстан ұсақ талап арыздардың жедел процедураларын және құқық қолданудың қағидаларын және процедураларын оңтайландыруды  енгізе отырып, келісім шарттың орындалуын қамтамасыз етуді жеңілдетті.

Төлем қабілетсіздігін шешу

Қазақстан кредит берушілерге қайта ұйымдастыру процедураларына бастамашылық етуге мүмкіндік бере және активтерді сатуды көтермелей отырып, төлем қабілетсіздігін шешу процедураларын жеңілдетті, сондай-ақ өндіріс ашудан кейін қаржыландыруға жол бере отырып және қамтамасыз етілмеген бар талаптар алдындағы артықшылықты бере отырып, банкроттық режимді оңтайландырды.

Халықаралық сауда

Қазақстан  кеден және сауда қызметтері, экономикалық тергеу қызметімен байланысты құжаттар санын, рәсімдерді қысқартты.


Н.Бегалиева,
Абай аудандық әділет басқармасының бас маманы,
«Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ-ның мүшесі

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.