Ақпараттық хабарлама

Понедельник, 17 Июль 2017 04:22 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3309 раз

«Азаматтарға арналған үкімет» міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі аударымдар мен жарналарды қабылдау үшін ағымдағы есеп шоты ашылғанын ескертеді. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап МӘМС Қазақстанда жұмысын бастайды.

Әрбір жұмыс беруші өзі үшін және өзінің қызметкерлері үшін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруқорына аударымдар мен жарналарды аударатын болады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке сәйкестендіру нөмірлері негізінде аударымдар мен жарналарды есептеу және оларды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын операторы болып белгіленді.

Ұйымдар, кәсіпорындар және басқа да төлеушілер ашылған ағымдағы шотқа аударымдар мен жарналарды келесі деректемелер бойынша тұрақты түрде аудару тиіс:

Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ92009MEDS368609103

БСН: 160440007161

            Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аудару кезінде төлемдерді тағайындаудың келесі кодтарын (ТТК) пайдалану қарастырылған:

121- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;

122-Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар;

123 - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдың

уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы;

124- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың

уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамыныңбаспасөз қызметі

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.