Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша:

Понедельник, 24 Июль 2017 11:15 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3688 раз

Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша:

(ОҚО Әділет департаментінде «Тиімді шағымдар қоғамына» жобасы аясында атқарылатын іс-шаралар жоспарының 7-тармағына сәйкес насихаттау кестесінің 1 тармағы)

Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің және қалалық, аудандық әділет басқармаларының заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша 2017 жылдың 6-айында жалпы облыс көлемінде 1607 заңды тұлға тіркелген:

- филиалдар мен өкілдіктердің тіркелген саны – 19

- қайта тіркеуден өткен заңды тұлғалар саны- 1216

- филиалдар мен өкілдіктер есептік қайта тіркеуден өткен саны-34

«Электронды үкімет» веб-порталы арқылы 1238 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері тіркелген. 2016 жылдың осы кезеңімен салысытырғанда, биыл 64% көбейген.

Мемлекеттік баж салығының мөлшері 2016 жылы 10 041 210 теңгені құрады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртібі келесідей негізде жүзеге асырылады:

1. Субъектiлер мен лауазымды тұлғалар өз құзыретi шегiнде:

1) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн объективтi, жан-жақты әрi уақтылы, қажет болған жағдайда олардың қатысуымен қарауды қамтамасыз етедi;

2) жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтiруге бағытталған шараларды қабылдайды;

3) арыз берушiлердi олардың өтiнiштерiн қарау нәтижелерi мен қабылданған шаралар туралы хабарлайды;

4) арыз берушiлерге олардың өтiнiштерi өздерiнiң құзыретiне сәйкес басқа субъектiлерге немесе лауазымды тұлғаларға қарауға жiберiлгенi туралы хабардар етедi.

2. Мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын өтініштерді қоспағанда, өтiнiштердi қарау үшiн маңызы бар актiлер, құжаттар мен басқа да материалдар өтiнiштердi тiкелей қарайтын субъектiлерге немесе лауазымды адамдарға өтініш келіп түскен күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде ұсынылады.

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiру, заңды әлденеше рет немесе өрескел бұзушылықтар туралы өтiнiштер субъект басшысының тапсырмасы бойынша жергiлiктi жерге барып тексерiлуi мүмкiн.

3. Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша мынадай шешiмдердiң бiрi қабылданады:

1) өтiнiштi толық немесе iшiнара қанағаттандыру туралы;

2) осындай шешiм қабылдауды негiздей отырып, өтiнiштi қанағаттандырудан бас тарту туралы;

3) өтiнiштiң мәнi бойынша түсiнiк беру туралы;

4) өтiнiштi қарауды тоқтату туралы.

4. Бiр тұлғаның мүддесi үшiн бiр мәселе бойынша бiрнеше өтiнiш келiп түскен кезде бiрiншi өтiнiш негiзгi өтiнiш ретiнде тiркеледi, ал кейiнгiлерi негiзгi өтiнiшке қоса тiркеледi және бiрiншi өтiнiш келiп түскен күннен бастап есептелетiн белгiленген мерзiм шегiнде оларды шешудiң нәтижелерi туралы арыз берушiлерге хабарлана отырып, бiр өтiнiш ретiнде қаралады.

Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін «электронды үкімет» веб-порталында заңды тұлғалардың тіркеу мерзімін өтінішті берген кезден бастап жұмыс күннің 1 сағатқа қысқарғаннан бөлек, 2016 жылдан бастап, заңды тұлғаларды (филиалдар мен өкілдіктер) мемлекеттік қайта тіркеу туралы Нұсқаулығына сәйкес, шағын және орта кәсіпкерлікке жататын заңды тұлғалардың қайта тіркеуі және қызметінің тоқтатуы «Е-gov» порталы арқылы онлайн автоматтандырылған.

Сондай-ақ, заңды тұлғаларды тіркеу кезінде қажетті құжаттар топтамасын қабылдау тәртібін, бас тартулар мен қайтаруларды болдырмау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалдарында Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістерді, олардың ішінде Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 11-бабына және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылдың 27 сәуірдегі №485 бұйрығының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу» туралы мемлекеттік көрсетілетін нұсқаулықтың 5 қосымшасына енгізілген өзгерістер, ол дегеніміз заңды тұлғаны алғашқы мемлекеттік тіркеу кезіндегі өтінішті тапсырған кезде, өтініш иесіне ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу, банктік шотты ашу және сақтандыру шартын жасасу 1 жұмыс күн ішінде мүмкін екендігі айтылып, жиі талқылануда.

А.БОРАНБАЕВА, 
ОҚО Әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу
жұмысын ұйымдастыру бөлімінің мұрағатшысы,
«Заңгерлер одағы» ҚБ-ның мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.