ӘДІЛЕТ ОРГАНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ АРАСЫНДА ӘДЕП КОДЕКСІН САҚТАУ НОРМАЛАРЫ

Вторник, 22 Август 2017 11:10 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4014 раз

Шымкент қаласының Абай аудандық әділет басқармасында әдеп кодексі талаптарының сақтауы, сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту, алдын алу және жолын кесу бойынша 2017 жылға бекітілген іс-шаралар жоспарлы түрде атқарылады. Сонымен қатар, әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтау қажеттігі қызметкерлерге ескертілген.

 Қызметкерлер арасында Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – Қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) жүйелі түрде талқыланып отырады. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, мемлекеттік қызметшілердің міндеттері, шектеулері және мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі нормаларын сақтау жайлы және еңбек, орындаушылық тәртіптерін сақтау мәселелер, қызметшілердің жауаптылығы, мінез-құлқының жалпы стандарттары қаралады. Басқарма басшылығымен жүргізілетін жеке қабылдау жұмыстарының қорытындысымен басқарма қызметкерлерімен әділет органдарына қатысты мекемелер қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер өткізіліп тұрады.

2017 жылдың 6 айында басқарма бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң талаптарын сақтауда қызметшілердің іс қимылдарында теріс қылықтардың белгісі анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының нормаларын бұзған фактілер орын алған жоқ. Сонымен қатар, «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарына сәйкес басқарманың барлық қызметкерлеріне мүдделер қақтығысының қағидалары мен талаптары жазбаша нысанда таныстырылды және басшылық тарапынан үнемі бақылауда болды. Басқармада жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарау, олардың оң шешімін табуы тиісті заңдылықтарға сәйкес жолға қойылған. Сонымен бірге, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқарма басшылығына кедергісіз жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында  басқарма басшысы мен орынбасарының азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітілді және «Сенім телефоны» жұмыс жасайды. Бұған қоса, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау жәшігі жұртшылыққа қолжетімді, басқармаға кіре беріс жерге орналастырылған. Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексі туралы стенді әзірленіп, басқармада көпшілікке көрінетін жерге ілінген.

 

Е.Қ.КАРБЕКОВ,
Абай аудандық әділет басқармасының инспектор-тіркеушісі, «Қазақстан  заңгерлер одағы» РҚБ-ның мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.