«DOING BUSINESS» ИНДИКАТОРЫН ЖАҚСАРТУ

Понедельник, 18 Сентябрь 2017 09:29 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 108 раз

doing-busnes

Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде индикаторын жақсарту бойынша кешенді шаралар жоспарында заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу рәсімін жеңілдету бойынша қабылданатын шаралар туралы аймақтарда түсіндіру құралдарында баяндау қарастырылған. Қазіргі таңда Қазақстан экономикасы халықаралық рейтингтерде беделді деп бағаланып, соның бірі-бүкіл әлемді мақұлдатқан «Doing Business» Дүниежүзілік банктің рейтингісі болып табылады. Тұрақты негізде тіркеу рәсімінің жан-жақты оңайлатуы бойынша ізденіс жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижесінде, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» әкімшілік және басқа тосқауылдарды төмендету бойынша жалпы кешендік шаралар қарастырылған.

Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауының түйінді басымдықтарының бірі кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау болып табылады.

Осы мақсатта мемлекеттік органдардың алдына бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді барынша оңайлату туралы міндет қойылды. Әділет министрлігі тұрақты негізде кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларын оңайлату мақсатында заңнаманы жетілдіру бойынша жұмысты жүргізуде.

Ал, жаһандық рейтингтің «Кәсіпорын ашу» индикаторы бойынша Қазақстанның позициясын жақсарту үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №269-V ЗРК 2015 жылы 1 қантарда қолданысқа енгізілген. Заңда:

-шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін «электронды үкімет» веб-порталында тіркеу мерзімін өтінішті берген кезден бастап жұмыс күнінің 1 сағатқа қысқарту;

-шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін оларды мемлекеттік  тіркеу және қызметін тоқтауды тіркеу кезінде тіркеу алымын төлеуді жою;

- тіркеу кезінде бірқатар қағаз құжаттардың ұсынылуын жою болып табылады, жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін жарғыны ұсыну туралы талап етуді жою;

-шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 100 тенге жарғылық капиталының талап етуді жою;

-жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөрді жою.

Яғни, бұдан ұғарымыз бұрынғыдай құжаттар жинау азаматтарды әуре сарсаңға салу, сандалту, қажет емес құжаттарды сұрату, құжаттарын дұрыс рәсімдемеу, қажет емес алымдарды сұрату мәселелеріне тосқауыл болды.


С.БЕГІМХАНОВ,
ОҚО Әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің іс-жүргізушісі,
«Заңгерлер одағы» ҚБ-ның мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.