Заңның құрығы бәрінен ұзын!

Пятница, 22 Сентябрь 2017 08:14 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 7873 раз

02.07.2017 жылы түнгі сағат 02:30 шамасында ОҚО ІІД-нің ЖПҚБ-нің ЖППП-нің №7-ші рота полицейлері Б. мен Ш. өздерінің қызметтік міндеттерін атқарып жүріп, Шымкент қаласы, Жібек-жолы көшесі мен Тұлпар көшесінің қиылысында, қара түсті «MERCEDES-BENZ 350S» автокөлігін басқарып келе жатқан сотталушы Е.-ге жолдын оң жиегіне тоқтауын талап еткен. Осы кезде сотталушы Е. полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай автокөлігімен қашып Шымкент қаласы, Пахтокор-1 мөлтек ауданы, Алтын адам көшесіңнің жол айрығы біткен жерге келіп тоқтаған. Содан сотталушылар Е., Д. және Е. үшеуі автокөліктерінен түсіп, мас халде полиция қызметкерлері Б. мен Ш. нысанды киімде екенін көре тұра, билік өкiлi өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау арқылы ар намысына қадір қасиетіне тигізетін сөздер айту арқылы балағаттаған.

Осыдан кейін, сотталушы Е. өзінің іс-әрекетімен шектелмей, қылмыстық іс-әрекетін жалғастыра отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы сотталушылар Д. мен Е. үшеуі полиция қызметкерлері Б. мен Ш. ұрып-соғып, олардың өмірі мен денсаулығына күш қолданып, қылмыстық іс әрекетін ақырына дейін жеткізіп, қосымша көмек ретінде келген полиция қызметкерлерімен құрықталған.

Еңбекші аудандық сотының 08.09.2017 жылғы айыптау үкімі негізінде, сотталушылар Е., Д. және Е. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 378-бабының 1-бөлігі және 380-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, олардың әр қайсысына түпкілікті 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Қала тұрғындарына қоғамдық тәртіпті бұзу, заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеліп соқтыратындығын назарларына саламын.


Еңбекші ауданы прокуратурасының прокуроры
Д. Оразбаев

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.