Процесс прокуроры институтын қолдану нәтижелері

Среда, 27 Сентябрь 2017 08:01 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2860 раз

2015 жылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-Процестік кодекстерінің жаңа үлгілері қолданысқа енгізілген.

 

Бұл заңнамаларда қылмыстық процестің жаңа модельдері қалыптасып, жаңа институттар пайда болды. Олардың бірі процесс прокуроры.

 

 

Процесс прокуроры институтының негізгі мақсаты - қылмыстық процесс сатысында қадағалаудың сапасын көтеру, тәжірибелі қызметкерлерді күрделі, қоғамдық дүрбелең тудырған қылмыстық істер бойынша бекітіп, қылмыстық процесстің басталған уақытынан бірінші сатылы соттың үкімі шыққанға дейін бір қызметкермен қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.

Сонымен қатар, ауыр, аса ауыр қылмыстар, атап айтқанда, жыныстық қол-сұғылмаушылық, зорлау қылмыстары бойынша орын алған оқиғаның мәнісін тереңірек ұғыну үшін прокуратура қызметкерлері арасынан мұндай істерге әйел қызметкерлері бекітілуде.

Процесс прокуроры институтын кеңінен қолдану нәтижесінде Шымкент қаласы Еңбекші ауданы бойынша өткен жылы және ағымдағы жылы сотпен бірде-бір ақтау үкімдері немесе азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу деректері орын алмаған.

Айта кететін болсақ, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің кез келген сатысы процесс прокурорының қадағалауында болғандықтан, процесске қатысушы тараптардан арыз-шағымдардың түсуі мен тергеу процессіне сенімсіздік білдіру деректерінің төмендеуіне қол жеткізіліп отыр.

Алдағы уақытта, процесс прокуроры институтының одан әрі дамуы қылмыстық процессте азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілмей, қылмыстық істер бойынша айқын әрі заңды процессуалдық шешімдер қабылданатынына кепіл.


Еңбекші аудандық прокуратурасының аға прокуроры
С. Тулендиев

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.