Версия для печати

Ата заңымыз - Конституция

Вторник, 03 Октябрь 2017 04:09 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 5871 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат - Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі.. Кез келген жаңа істе болатыны сияқты, қателіктер де жіберілетін Республикамыздың 1995 жылдың 30-тамызында қабылданған жаңа Конституциясы конституциялық құрылыстың құқықтық негізін қалап, мемлекет механизмі мен қоғамдық саяси ұйымдардың қызметінің түбегейлі принциптерін белгіледі, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін бекітіп, экономикалық құрылыстың негізін анықтады. Республика Конституциясында демократиялық дәстүрге сәйкес көп ұлтты Қазақстан халқы-мемлекеттік биліктің бірден-бір көзі болып танылады - деп атап көрсетілсе, Мемлекеттік биліктің тұтастық, мемлекет механизмінің ұйымдастырылуы мен қызметі Конституцияға сәйкес билікті үш буынға – заң шығарушы, атқарушы және сот төрелігі - бөліну принципіне негізделіп жүзеге асырылады делінген.

Қазақстан Республикасының Конституциясында адам мен азаматтың, мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың мәртебесімен қатар, стратегиялық құқықтық идеялар да анықталған. Бұл идеялар Қазақстанда демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті орнықтыру. Әрине, мұндай мемлекетті бір сәтте құру мүмкін емес.
Қазіргі алдыңғы қатарлы мемлекеттердің тарихи тәжірибесі дәлелдеп отырғандай құқықтық, демократиялық мемлекетті тек үздіксіз белсенділік нәтижесінде ғана құруға болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларын, құқықтық идеяларын және принциптерін құқықтық-ғылыми тұрғысынан талдау нәтижесінде олардың қуаты, мүмкіндігі экономиканы, әлеуметтік және саяси мәселелерді дамытуда әлі де зор екенін байқатады.
Конституцияның маңызды артықшылығының бір белгісі - жалпыға танымал демократиялық құқықтық идеялар мен принциптерге бағытталуы. Конституцияның кіріспесінде жазылған
Қазақстан халқы бостандық пен теңдікке ұмтылады деген принцип Конституцияның нормаларында ерекше орын алып отыр. Мемлекет органдарының, мемлекеттік қызметкерлердің, қоғамдық ұйымдардың және азаматтардың Конституцияның нормаларын, принциптерін, идеялардың мүлтіксіз сақталуы, қолдануы, пайдалануы заңдылықты, құқықтық тәртіпті орнатудың, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың, халықтың хал-жағдайын жақсартудың, саяси тұрақтылықты, әлеуметтік келісімді орнатудың негізі алғы шарттары. Қазақстан Заңнамаларының ел игілігі мен уақыт талабына орай жаңартылуы Президенттің құқықтық мемлекетті құруда таңдап алған бағытын жалғастыру болып табылатыны сөзсіз.

Ол үшін қолданыстағы заңнамаларды жүйелеу, заңнама салалары бөлігінде одан әрі топтастыру, оны ескірген немесе қайталама нормалардан арылту, құқықтық реттеудегі олқылықтардың орнын толықтыру, қолданыстағы заңнамалардың ішкі қайшылықтарын жою, ондағы сілтеме нормаларды азайту және Конституцияға сәйкес заңнамалық актілер қабылдана алатын мәселелер тобы шеңберінде тікелей қолданылатын заңдарды қабылдау практикасын іске асыру табиғи құбылыс.
Сонымен бірге күнделікті халықтың тіршілігі мен өмірінде ерекше орын алатын салық, қаржы, сот, табиғатты қорғау, заңнамалары Ата Заңымыздың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылса прокуратура, қаржы полициясы, ішкі істер органдары, қылмыстық атқару жүйесі мен мемлекеттік қызмет саласындағы қатынастар және мемлекеттік органдарды бақылау мен қадағалау да өзекті мәселе ретінде қарастырылып жергілікті атқарушы және өкілді мемлекеттік басқару органдарының шығарған нормативтік құқықтық актілерін дайындау кезінде оның қолданыстағы заңнамаларға сәйкестігі мен сапасына аса көңіл бөлу қажеттілігі ескертілген.
Сондай-ақ дәл қазіргі уақытта қарапайым халыққа, әсірессе ауылдық жерлерде құқықтық білім мен құқықтық насихат жеткіліксіз екендігін мойындауымыз қажет. Осыған орай, азаматтардың құқықтық санасын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер арасында заңгерлік сауаттылықты арттыру, халық арасында интернет-ресурстар мен бұқаралық ақпарат құралдарын қоса отырып құқықтық насихаттың сапасын арттыру, оның көлемін кеңейту, азаматтардың күнделікті өмірінде жиі қолданылатын құқық саласына ерекше көңіл бөлу бүгінгі күннің басты талабы.

Сондықтан, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін талқылау және шешу кезінде әрбір құқықтық санасы жоғары азамат Конституцияда бейнеленген жауапкершілікті сезіне отырып оның қағидаларын іске асыру болса, одан туындайтын міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруға иделогиялық қолдау көрсету, оны қарапайым халықтың көкейіне насихаттап жеткізу мен түсіндіру біздің, мемлекетік қызметкерлердің тікелей міндеті.
Әр мемлекеттік қызметкер халыққа қызмет етудің қай саласында еңбек етпесін сол орында еңбек пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, өз саласында заң бұзушылыққа, қылмыс пен сыбайлас жемқорлық сияқты қоғамға жат әрекеттерге жол беріп қана қоймай оған қарсы табанды күрес жүргізу бүгінгі күннің басты талабы болса ата Заңымыз, Конституцияны құрметтеп қорғау, оның маңыздылығын жоғалтпай сақтау республикамыздың әрбір азаматының міндеті мен парызы болуы тиіс.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.