«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы»

Пятница, 29 Сентябрь 2017 14:12 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3365 раз

Заң жобасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Президенттің халыққа Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді.

Заң жобасы 3 бағытты қамтиды:

бірінші, ізгілендіру;

екінші, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістің жеке институттарын жетілдіру;

үшінші, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің рәсімдік және процестік нормаларын жүйелендіру.

Бірінші бағыт бойынша. Қысқартылған іс жүргізу институтын лауазымды және заңды тұлғаларға қолдану ұсынылады. Қазіргі таңда қысқартылған іс жүргізу тек жеке тұлғаларға қолданылады. Бұл институт қосымша 673 құрамды қамтиды.Лауазымды және заңды тұлғаларға, жеңілдететін мән-жайлар болғанда, айыппұлдың сомасын 30 пайызға дейін қысқарту ұсынылады. Бұл институт қосымша 1535 құрамда қолданылатын болады.Бұдан басқа, 345 құрам бойынша санкцияларды жеңілдету ұсынылады. 157 құрам бойынша айыппұлдарды төмендету, 38 құрам бойынша ескерту жазасын кеңейту және 150 құрам бойынша жеңілірек жаза қоладну ұсынылады.Сонымен қатар соттың немесе лауазымды тұлғаның, ауырлататын мән-жайлар болмаса, ескерту жазасын қолдану міндеті енгізілуде.

Екінші бағыт бойынша. Рұқсаттама құжатының әрекетін толық тоқтатудың орнына, жеке қызмет пен әрекет түрлерінен айыру немесе әрекетін тоқтату ұсынылып отыр. Бұл 120 құрамды қамтиды.Тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықты жойған жағдайда рұқсаттың қолданысын мерзімінен бұрын жаңарту тәртібі қарастырылуда. Бұл 107 құрамды қамтиды.

Үшінші бағыт бойынша мемлекеттік органдар мен сот инстанцияларының істерді қайта қарау рәсімдері ажыратылады және бөлек процестік құжаттардың мәртебесі белгіленеді.

Заң жобасы 23 мемлекеттік органдармен келісілді, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің ескертулері мен ұсыныстарын есепке ала отырып пысықталды.


 

 

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық

Әділет басқармасының инспектор-

тіркеушісі Б.С.Тұрлыбек

Последнее изменение Вторник, 03 Октябрь 2017 09:06
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.