ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІКТІ ҚОРҒАУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗГІ ИНДИКАТОРЫ

Вторник, 10 Октябрь 2017 11:52 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 8385 раз

Шымкент қаласының Абай аудандық Әділет басқармасы мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын, сапасын арттыру және жеделдігін қамтамасыз ету мақсатында дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің (ДЭФ ЖБҚИ) көрсеткіштерін жақсартудың негізгі индекаторы, соның ішінде, «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы бойынша жұмыстар атқаруда. Зияткерлік меншік - адамның ой-санасымен жасалғанның барлығына қатысты: өнер табыстар, әдеби және драмалық туындылар, сондай-ақ коммерциялық мақсатта пайдаланылатын таңбалар, атаулар және үлгілері. Басқарма қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес «Зияткерлік меншікті қорғау» тақырыптарында қаладағы мекемелер мен ұжымдарына шығып дәрістер оқып, бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялап отырады.

intellekt

Зияткерлік меншік құқығы біреудің меншігіне берілмейді және тек құқық иесінің келісімімен ғана пайдаланылады.

Заңдарда белгіленген тәртіппен рәсімделген және материалдық тұлғаға көшірілген зияткерлік меншік нысандарының бәрі нарықтық тауар айналымында пайдаланылады және материалдық емес құндылықтар түрінде есепке алынады. Материалдық емес құндылықтар туралы мәмілелер нәтижесінде алынған табысқа жалпы белгіленген тәртіппен салық салынады.

Зияткерлік меншік - зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижесі және оған теңестірілген заңды тұлғаларды, жеке және заңды тұлғалардың өнімдерін, олармен орындалатын жұмыстар мен қызметтерді (фирмалық атаулар, тауарлық белгі, қызмет көрсету белгісі және т.б.) дараландыру құралдары. Зияткерлік меншіктің объектісі авторлық құқық пен өнеркәсіптік меншік болып табылады.   

Зияткерлік меншіктің басты сипаттамасы меншікті пайдаланудың жеке құқықтарын тек зияткерлік меншіктің иесі, яғни автор ғана шамалай алуында, сонымен қатар, оның рұқсатынсыз зияткерлік меншікті ешқандай бөгде адам пайдалана алмауында.

Зияткерлік меншік нысандары келесі түрлерге бөлінеді: әдебиет, өнер туындылары мен ғылыми еңбектер; фонограммалар жасау, орындаушылық және радиобағдарламасын жүргізу; адам іс-әрекетінің барлық салалары бойынша өнертабыстар; ғылыми жаңалықтар; өнеркәсіп үлгілері; тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және коммерциялық атаулар мен белгілеулер; жосықсыз бәсекелестіктің алдын кесу шаралары.

 

Зияткерлік меншік:

- авторлық құқық;
- патенттік құқық;
- дараландыру құралдарын;
- зияткерлік меншіктің дәстүрлі емес нысандарын (интегралдық микросхемалар топологиясы, селекциялық жетістіктер, коммерциялық құпия, өндіріс құпиялары (ноу-хау) және т.б. қамтиды.

 

Қазіргі кезде, әлемде интеллектуалдық (зияткерлік) меншік құқығы мен оны қорғау шаралары жөнінде көптеген конвенциялар, халықаралық шарттар әрекет етеді.

Мемлекет тарапынан зияткерлік меншік құқығы саласын дамытуға жоғары деңгейде көңіл бөлінуде, өйткені дүниежүзілік қауымдастықтың талаптарына жауап беру, дүниежүзілік сауда ұйымына кіру секілді маңызды мемлекеттік мақсаттарды жүзеге асыруда авторлық және сабақтас құқықтар мен өнеркәсіптік меншік саласындағы құқықтарды қорғау маңызды факторлардың бірі болып табылады.  Сондықтан, зияткерлік меншік болашақта мемлекет азаматтарының  әл-ауқаттылығы деңгейін белгілейтін, құнды ресурс ретіндегі қас маңыздылыққа ие бола бастады.

Б.А. НҰРБЕКОВ,
Шымкент қаласы Абай аудандық Әділет басқармасының бас маманы
«Қазақстан Заңгерлер Одағы» РҚБ-ң мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.