ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІН ТІРКЕУ ТӘРТІБІ

Пятница, 13 Октябрь 2017 09:25 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 149 раз

«Doing Businеss» бәсекелестікке қабілеттілік индексі рейтінгіндегі Қазақстанның ұстамын жақсарту мақсатында кәсіпорындарды ашу индикаторы бойынша 2017 жылғы 27 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен заңды тұлғаны "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеу кезінде, банктік шот ашуға арналған және сақтандыру келісім шартын жасау мүмкіндігін беру бөлігі бойынша «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының» 6-бабына түзетулер еңгізілген.
Енгізілген түзетулер «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаларға қатысты «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеу кезінде, ағымдағы шот, банктік шот ашуға, жұмыскерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасауға мүмкіндік береді. (Осы түзетулер (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

Сонымен қатар, «Doing Business» рейтингісінің есеп айырысу әдіснамасы бойынша, барлық іс-әрекеттер бизнес ашуға шешім қабылдағанға, оның жүзеге асыруына дейін, сондай-ақ мерзімі мен шығындарын өтеуі рәсімдері есепке алынады.
Яғни, қажетті бизнесті бастау үшін, заңды тұлғаларды, әділет органдарында тіркеу рәсімін жүргізуге ғана байланысты емес, барлық іс-шаралардың спекторы тиісті органдарда кәсіпорынның және оның қызметкерлеріне қатысты барлық қажетті рұқсаттарды, талап етілетін барлық хабарламаларды, куәліктерді алу және тіркеуді рәсімдеу және тиісті органдарда тіркеуден өткізу қамтылады.

Осылайша, жиынтық көрсеткіш қадам есептеу кезінде орындалатын мемлекеттік құрылымдардың жанында бизнесті ашу үшін пайдаланылады (Ұлттық банк, қаржы министрліктері, ақпарат және коммуникация) олардың ішінде тек заңды тұлғаларды тіркеу әділет органдарының қарауына жатқызылған.
Сонымен қатар, Әлемдік Банк сарапшыларымен жыл сайынғы есеп жасау кезінде қол жеткізілген нәтижелер құқық қолдану тәжірибесін қалыптастыру бағаланады, бұл заңнамаға өзгертулер қалыптастыру процесін көрсетпейді.

Осылайша бизнестің ашылуымен байланысты рәсімдерді оңайлату мақсатында 2015 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 269-V ҚРЗ қолданысқа енгізілді. оларға:
«Электрондық үкіметтің» веб-порталында тіркеуді жүзеге асыратын Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін тіркеу мерзімін жұмыс күні - 1 сағатқа дейін қысқартылған.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қызметін тоқтатқаны үшін бюджетке тіркеу алымын төлеу алынып тасталған.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын шаруашылық серіктестіктердің оларды тіркеу кезінде жарғылық капиталын қалыптастыру жөніндегі талап алынып тасталған.
Жеке меншік компаниялардың мөрлері болуы туралы міндетті талап алынып тасталған. Енді жеке компаниялар үшін мөрінің болу олардың құқығында болып табылады.
Заңды тұлғалардың банкте шот ашқан кезде жарғысының нотариаттық көшірмелерін ұсынуы және адамдардың қолы нотариат куәландырған талаптар алынып тасталған.
Осы саладағы бизнесті ашуға қойылатын талаптар барынша азаяды және тиісінше елдің жоғарыда аталған рейтинг көрсеткіштеріне оң әсерін тигізеді деп ойлаймыз.


Б.А. АБДАЛИЕВА,
ОҚО Әділет департаментінің
заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы,
«Қазақстан заңгерлер одағы» ҚБ-нің мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.