Версия для печати

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу

Понедельник, 27 Ноябрь 2017 05:18 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3435 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес біздің егеменді мемлекетіміздің жоғары құндылықтары болып адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы болып табылады.

Азаматтардың құқықтарын, бостандығын және мүдделерін қорғау демократиялық мемлекеттің негізін қалайтын міндеттердің бірі ретінде анықталған.

Мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жасалатын жұмыс сапасын көтеру мәселелері жергілікті атқарушы органдармен үнемі бақылау-қадағалау қызметін атқаратын уәкілеттенген органдармен үнемі бақылауда болады.

Қолданыстағы заңнамада белгіленген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін бірнеше рет бұзу сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық болып табылады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру, қабылдау, тіркеу және есепке алу жағдайы үшін жауапкершілік субъектілердің басшыларына және лауазымды тұлғаларға жүктеледі.

Өтініштерді қарау тәртібі Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Заңына сәйкес реттеледі.

Заңның 3 бабы, 2 тармағына сәйкес Заңның күшi қарау тәртiбi Қазақстан Республикасының  әкiмшiлiк құқық бұзушылық, қылмыстық iс жүргiзу, азаматтық iс жүргiзутуралы заңнамасында белгiленген жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне қолданылмайды.

Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттің істерімен басқаруда тікелей және өз өкілдері арқылы, жекеше түрде жүгінуге, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке және ұжымдық өтініштерді жолдауға құқығы бар. 

Өкілдікті рәсімдеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамалармен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

Өтінішті жеке және заңды тұлға немесе олардың өкілдері жазбаша, ауызша не электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электронды түрде енгізе алады.

Тікелей жазбаша жүгінген өтініш иесіне тіркеу күні мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген бірегей нөмірі бар талон берiледi.

Мысалы, әркім, яғни талон алған азамат өз өтініші бойынша берілген талонда көрсетілген нөмірмен  Интернет желісі арқылы Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің www.pravstat.kz сайтында өтініштің қаралу тәртібі мен нәтижесін көрумен қатар,  қарау мерзімдерінің бұзылу деректерін де қоса бақылай алады.

Заңның 8 бабы өтініштердің қарау мерзімдерін белгілейді. Өтініштерді қарау кезінде ақпарат алу немесе тексеруді талап етпейтін болса, күнтізбелік он бес күн ішінде, ақпарат алу немесе тексеру талап етілетін өтініштер күнтізбелік отыз күн ішінде қаралып, ол бойынша шешім қабылданады. Қосымша зерделеу мен тексеру қажет болған жағдайда, қарау мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап күнтізбелік үш күн ішінде арыз берушіге хабарланады.

Өтініштерді қарау барысында өтініштерге берілетін жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде болуға, арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтуы тиіс.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің негізсіз көп сатылы қаралуына және созбалаңдыққа салынуына жол берілмеуі тиіс.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен тиімді жұмыс азаматтардың конституциялық құқықтарын нақты қорғауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік органдарына сенім дәрежесі көтеріледі және сыбайлас жемқорлық әрекеттердің барлық алғышарттарының алдын алуға жәрдемін тигізеді.


Урмия  Манатқызы  Құлымбет
Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің
құжат айналымын қамтамасыз етужәне бақылау бөлімінің басшысы,
«Қазақстан Заңгерлерінің одағы»РҚБ-нің ОҚО филиалының мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.