Заңның құрығы ұзын!

Понедельник, 27 Ноябрь 2017 10:08 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 45 раз

А. деген азамат 18.07.2017 жылы сағат 18:30 шамасында өзінің жұмыс орны Шымкент қаласы, Т.Рысқұлов көшесі, 18 шағын ауданында орналасқан «ДАТ» компьютерлік ойынханасында отырған кезінде, куә Н. келіп флэш-картаға кино және музыка басып беруін сұранған, кейіннен флэш-картаға қосымша порнографиялық бейне жазбаларды 1 000 теңге ақшаға жазып беруін өтінген.

Осы кезде А-ның ойына, порнографиялық материалдарды немесе заттарды тарату, сол сияқты порнографиялық сипаттағы баспа басылымдарын, кино немесе бейнематериалдарды, бейнелерді немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау ойы туып, оны толығымен іске асыру үшін интернет желісі арқылы порнографиялық бейнежазбаларды маркасы «intel Selerom» компьютердің жүйелік блогына көшіріп, аталған жүйелік блоктан Н-мен ұсынған флэш-картасына порнографиялық бейне жазбаларды заңсыз жазып, осы үшін 1 000 теңге ақшасын алған.

Еңбекші аудандық сотының 02.11.2017 жылғы айыптау үкімі негізінде, сотталушы А. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 311 бабымен кінәлі деп танылып, оған осы баппен мүлкін тәркілеумен 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Қала тұрғындарына порнографиялық материалдарды немесе заттарды тарату немесе жарнамалау мақсатында оларды заңсыз дайындау, тарату, жарнамалау, сол сияқты порнографиялық сипаттағы баспа басылымдарын, кино- немесе бейнематериалдарды, бейнелерді немесе өзге де заттарды заңсыз алып өту немесе олармен сауда жасау, заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеліп соқтыратындығын назарларына саламын.


Еңбекші ауданы прокуратурасының прокуроры
Д. Оразбаев

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.