Кәсіпкерлікті қорғау – ел болашағының негізі!

Четверг, 30 Ноябрь 2017 03:34 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2001 раз

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2017 жылдың 31-ші қаңтарында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  атты Қазақстан халқына жолдауында елдің жаһандық бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ететінэкономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажеттігін көрсетіп, оны жүзеге асырудың бірден бір тетігі ретінде бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту арқылы, 2050 жылға қарай елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін кем дегенде 50 пайызға жеткізуді белгіледі.

Осы орайда елімізде кәсіпкерлікті қолдау мен оларға мемлекеттік органдар тарапынан әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында біршама жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының кәсіпкерлік нысандарын тексеру  негіздері мен олардың қызметіне нормативтік құқықтық актілермен қойылатын талаптар оңтайландырылды. 

Өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына оң ықпал ету мақсатында облысымыздың прокуратура органдарымен «Оңтүстік Қазақстан облысы – бизнеске қолайлы аймақ» жобасы жүзеге асырылып, Абай ауданы прокуратурасымен бұл жоба аясында біршама жұмыстар атқарылуда.

Ағымдағы жылы анықталған заң бұзушылықтар бойынша 180 кәсіпкердің бұзылған құқықтары қорғалып,  кінәлі тұлғалар түрлі жауапкершіліктерге тартылған. Кәсіпкерлерді әкімшілік жазаға тарту туралы  қаулылардың күші жойылған.

Бұл жұмыстар тек жауапкершілік белгілеумен шектелмей, мемлекеттік органдардың, монополия субъектілерінің кәсіпкерлерге қатысты кедергілерді азайту мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталып отыр.

Сондықтан Шымкент қаласының Абай ауданында кәсіпкерлік заңнамаларының бұзылу деректері  және кәсіпкерлік қызметті дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар болған жағдайда Абай ауданы прокуратурасына (8-7252-33-85-59, 33-87-14) хабарласуларыңызды сұраймыз.


Абай ауданы прокуратурасының аға прокуроры  Д.Бекембаев

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.