Облыс тұрғындары 400-ге жуық қару тапсырған

Пятница, 19 Январь 2018 04:55 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2530 раз

shymkala 5-7

Облыс тұрғындары 2017 жылы 400-ге жуық қару-жарақты ерікті түрде тапсырды.


Өңір полицейлерінің қылмыстың алдын алу мақсатында, қару-жарақпен жасалатын қылмыстардың санын азайтуға бағытталған іс-шарасының нәтижесі осындай. Тәртіп сақшылары тарапынан осыншама қаруды ерікті тапсырған азаматтарға сыйақы ретінде жалпы сомасы 18 миллион теңге төленген. Бұл – республика бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері бұған қоса қару-жарақ пен оқ-дәрілердің заңсыз айналымын анықтау және жою мақсатында үлкен жұмыс жүргізуде. Нақты айтқанда «Қару» жедел алдын алу іс-шаралары нәтижесінде заңсыз айналымнан 223 қару-жарақ тәркіленді. Соның нәтижесінде облыс аумағында атыс қаруымен жасалған қылмыс 21/8 % азайды.

Осы тұста тәртіп сақшылары азаматтарға заңсыз сақталған атыс қаруын ерікті түрде тапсырған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын ескертеді.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.