МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚОЛДАУ

Среда, 24 Январь 2018 11:55 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 7786 раз

«Біз  Қазақстанды жоғары өмір стандарттары бар әлемдегі ең ырғақты дамып келе жаткан мемлекеттердің біріне айналдыру туралы алдымызға өршіл мақсат қойдық. Ол мақсатқа адам әлеуетінің белсенділігін, азаматтардың  іскерлігін арттыру арқылы ғана кол жеткізуге болады».

Н.НАЗАРБАЕВ


 

Қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Содан болар, бүгiнгi таңда шағын және орта кәсiпкерлiктің серпiндi дамып келе жатқаны белгiлi. Соның ішінде, шағын кәсiпкерлiктің саны қарқынды түрде өсiп келедi. Оның ЖIӨ-де өзiндiк үлесi 30 % құрайды. Қазiргi кезде кәсiпкерлiк Қазақстанның  бүгiнгi  экономикасында  лайықты орын алуда.


0000948


Осылайша, мемлекет бүгінгі күні кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің нарық экономикасының толыққанды қатысушысы ретінде өз қызметтерін жүзеге асыруларына қажетті жағдайды қамтамасыз етіп отыр. Шағын және орта кәсіпорындармен жұмыс істетуді көздейтін жалпыұлттық институттар құрылуда. Шағын және орта бизнеске атаулы қолдау көрсетуді жүзеге асыратын арнаулы «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қоры» құрылып, табысты жұмыс жүргізуде.


Кәсіпкерлікке қолдау көрсету үшін бес мемлекеттік бағдарлама қабылданып, жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға және бизнестің билікпен арадағы іс-қимылдарының жаңа моделін құруға бағытталған "Жеке кәсіпкерлік туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Кәсіпкерлердің белсенділігін ынталандыруды көздейтін айтарлықтай салықтық жеңілдіктер заңдық деңгейде қарастырылды. Оның сыртында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және салық салуды жақсарту жөнінен үлкен жұмыстар атқарып жатыр. Мәселен, осылайша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, шағын және орта бизнесті жеделдете дамыту шаралары жөнінде бағдарламалар әзірленіп, салық заңына түзетулер енгізілуде.


Мемлекет басшысы  реформалар  жүргізілген  жылдар  ішінде оған барлық қажетті жағдайлардың жасалғаның атап керсетті. Тәуелсіздіктің алғашкы жылдарында, тауардың мейілінше тапшы, гиперинфляция мен халыктың  тұрмыс деңгейінің күрт төмендеген жылдарының өзінде-ақ отандық   кәсіпкерлікті   құру жұмыстары басталды. Ол қиын  шешімдер кезеңі еді. Экономикада мемлекеттік меншік басымдықта болды. Нарық қатынастарын  дамыту  үшін заңдық  база  мүлде  болған жоқ. Қолданыстағы заңдар жеке меншік  пен кәсіпкерлік қызмет үшін кері әсер етерлік сипатта болды. Ең қауіптісі – қоғамдық пікір де   оған  қарсы тұрды.  Осы жылдар  ішінде  мемлекет  экономиканы  ырықтандыру  бағытында   бірізділікпен   әрі берік  алға  басты,  ал  ол  бизнестің дамуы үшін нақты негізді камтамасыз етті. Бірінші  кезекте  экономикадағы  құрылымдық  жаңғыруларды   жүзеге асыруға мүмкіндік берген қажетті заңдар қабылданып, нарық каты-настарының  қисынына  қайшы  келетін  құқықтық  нормалар  күшін  жойды. Келесі ірі кадам мемлекеттік  меншікті сатылап  жекешелендіру   болып табылды.  Соның  нәтижесінде  бүгінде  онеркәсіп  өндірісі  көлемінің 85 пайызы жеке секторда өндіріледі.  Елдің ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнестің  үлесі  шамамен  25 пайьз құрайды,  экономиканың жеке секторында  еңбекпен  қамтылған  халықтың  60 пайыздан астамы еңбек етеді. Бизнес құру жолындағы бюрократиялық кедергілер айтарлықтай азайтылды.  Тек соңғы   жылдары  ғана  лицензияланатын   қызметтердің  350-ге жуық  түрлері қысқартылды. Кейбір ляцензияларды беру өңірлік деңгейге көшіріліп, процедуралар айтарлықтай қарапайымландырылды. Бүгінде біздің елімізде кәсіпкерлікті дамытудың перспективасы айқын көрініске ие.  Жеке бизнесті, ең  алдымен шағын және  орта бизнесті қолдау мемлекеттік саясаттағы түйінді   мәселелердің бірі. Ол “Қазақстан-2030” Стратегиясы, “2010-стратегиялық жоспарда”  және Қазақстанның 2015 жылға жейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы тәрізді негізгі құжаттарда бекітілген.

Қазіргі  кезде,  кәсіпкерлік  Қазақстан  экономикасының  маңызды  элементі  болып  табылады. Осы   тұрғыдан кәсіпкерлікті  мемлекет  тарапынан  қолдау  шаралары өте орынды  болып  табылады. Кәсіпкерлікті  дамыту  мақсатында  келесідей  институттар  құрылып  қазіргі  кезде  өз  қызметтерін  көрсетуде:  «Технология трансферті және инжиниринг орталығы» АҚ;  «Маркетингті-сараптамалық зерттеулер орталығы» АҚ;  «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ;  «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ.  Сонымен  қатар, мемелекеттік  қолдау мен  отандық  кәсіпкерлердің  өз  ынталары  нәтижесінде келесідей  одақтар  құрылған:  «Қазақстан  Республикасының  сауда-өнеркәсіптік палата Одағы» ЗТБ;  «Қазақстан кәсіпкерлеріның форумы» ЗТБ;  «Атамекен» Қазақстанның жұмыс берушілері және кәсіпкерлерінің жалпыұлттық одағы» ЗТҚ.

Отандық  кәсіпкерлікті  дамыту,  әртүрлі  кәсіпкерлік  салалардың құрылымын жетілдіру мен  оларды  тиімді  пайдалану  шаралары  алдағы  экономикасы  тұрақты  дамығн,  индустриялы  ел  болуымызға жол  ашпақ.


А. ПИРМЕТОВ,
ОҚО Әділет департаментінің заңды тұлғаларды
тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы,
«Қазақстан заңгерлер одағы» ҚБ-ның мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.