Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мақсатында көзделген жеңілдіктер туралы

Четверг, 01 Февраль 2018 09:30 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2542 раз

Елбасының Қазақстан халқына арналған 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдау жолдарында көрсетілген өзекті мәселелердің барлығы жаңа заманға лайықты даму бағытында өзгерістер мен дамуға бастайтын қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға, еліміздің экономикасын, әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған маңызды он міндет қойылған.

 

Жолдаудың негізгі мақсаты - қазіргі жаһандық жағдайда әлем елдерінің көшінен қалмай, ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін ақпараттық-технологиялық салаларды дамыту.

Қазақстандағы кәсіпкерлікті әлемдік деңгейге жеткізу, оның барынша қарқынмен дамуына жағдай жасау қазіргі қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі болса, мемлекетіміздің негізгі мақсаты бизнесті жүргізуге барынша оңтайлы жағдай жасау болып тұр.

Осы талап, Жолдаудың сегізінші міндетінде нақты көрсетілген. Яғни Жолдаудың сегізінші міндеті - «Тиімді мемлекеттік басқару» ауқымында «Бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыруды қамтамасыз ету қажет делінген талаптары бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі принциптерінің бірі сапа мен қолжетімділік, сонымен қатар процесті тұрақты жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі болып табылады.

Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның ұстанымдарын жақсарту мақсатында, аталған принциптерді басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаларды тіркеу саласында тиісті дәрежеде жұмысты орындау үшін әділет органдары жыл сайын мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруде және осы саланы реттейтің заңнамалық актілерге өзгерістер еңгізілуде.

Осы орайда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібіне еңгізілген жаңашылықтарға қарағанда Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарған.

Казіргі кезде өз ісін ашу үшін заңды тұлғаға электронды үкімет порталында арнайы парақшаны толтырса болғаны, 1 сағат көлемінде оған тіркелгені жөнінде хабарлама келеді. Ол үшін баж салығы да алынбайды.

Мемлекеттік қызметтерді электронды форматта ұсыну қоғамдағы әкімшілік кедергілер, сыбайлас жемқорлықты алдын алуға және ең бастысы азаматтарымыздың уақытын үнемдеуге септігін тигізіп, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырады.

01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша еңгізілген өзгерістерге сәйкес, шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеу кезінде, банктік шот ашуға арналған және жұмыскерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыруға (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметін жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына енбестен жүзеге асырған жағдайларды қоспағанда) өтініш электрондық нысанда қолданыстығы заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес берілетін болады.

Сонымен қатар, халыққа мемлекет тарапынан қамқорлық көрсету Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне еңгізілген өзгертулерде де көрінеді. Бұл  өзгертулерге сәйкес, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкiлдiктерді есептік тiркеу туралы заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда айыппұл жазасымен қатар, «ескерту» жазасы баламалы түрде қосылған.


Оңтүстік Қазақстан облысы әділет департаментінің
заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы
«Заңгерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі
Бибігүл Абдраманқызы Абдалиева

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.