Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету заман талабы

Четверг, 15 Март 2018 03:55 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2957 раз

Қазақстан Республикасының әділет органдары мемлекет ке­пілдік беретін және Қазақстан Республикасының Консти­туциясында белгіленген адам құқықтарын жүзеге асыруда  әрекет етеді. Қазіргі таңдағы өмір шындығын ескере отырып, әділет органдары азаматтардың конституциялық құ­қықтарын жүзеге асыруға барлық жағдайды жасайды.

Атап айт­сақ, әкімшілік тежеулерді азайтуға, халыққа көрсетілетін мем­лекеттік қызмет түрлерінің, оның ішінде электрондық қызмет са­пасын жақсартуға бағытталған қыруар жұмыс атқарылып жатыр.

Әділет органдары жүйесінде соңғы уақытта жасалған түп­кілікті реформалар Елбасы мен Үкімет тарапынан білдірілген сенімнің көрінісі болып табылады.

Нақтырақ айтар болсақ, «Электрондық үкімет» порталының кө­мегімен жылжымайтын мүлікке құқықты электрондық тіркеу жүйесі енгізілді, яғни, мәміле нотариалдық куәландырылғаннан соң бірегей нотариалдық жүйеден құқықтық кадастрдың ақ­параттық жүйесіне келіп түскен құқық белгілейтін құжаттардың электрондық көшірмесі негізінде тіркеледі.

Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің айғақсыз артықшылығы ретінде тұтынушы мен мемлекеттік органдар арасындағы тікелей байланыстың болмауын, тіркеу мерзімінің бір күнге дейін қысқаруын және қағаз түрінде хат алмасудың, ХҚКО-на барудың қажеті жоқтығын атауға болады.

Сонымен, 2010 жылдан бастап азаматтарға ыңғайлы болу үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында ХҚКО және «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы ақысыз негізде 15 минут ішінде электрондық түрде берілетін ақпараттық қызметтер іске асырылды.

Электрондық тіркеу мәміле нотариалдық расталғаннан кейін бір рәсімнің шеңберінде автоматты түрде бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеден құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түсетін құқық белгілейтін құжаттардың электрондық көшірмелерінің негізінде жүзеге асырылады.

Аталған механизм азаматтарға бір жерде (нотариуста) 1 жұмыс күнінің ішінде өзінің мүлікке құқықтарын тіркеуге қосымша шығыстарсыз тіркеу мүмкіндігін берді.

Сонымен қатар, 2013 жылдан бастап жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын және оның телнұсқасын «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы алуға электрондық өтінім беру енгізілді.

2015 жылдың қаңтарынан бастап:

Бұрын жылжымайтын мүлікке құқықтарды нотариалдық мәмілелер негізінде ХҚКО арқылы немесе нотариустар арқылы баламалы түрде тіркеу рұқсат етілсе, ал қазіргі таңда нотариалдық мәмілелер тек электронды түрде тіркелуге жатады. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде жылжымайтын объектілерге техникалық паспортты ұсыну бойынша талабы;

тізбеден «өзге құжаттарды» ұсыну бойынша алынып тасталды.

Қазірі таңда тіркеу мерзімі 5 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне қысқартылды.

Архивтік тіркеу істерін сканерлеу арқылы «Жылжымайтын мүлік регистрі» электрондық архивін құру бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл болашақта электрондық форматтағы тіркеу істерін іздестіруге және электрондық архивтен тіркеу ісінің көшірмелерін ұсыну бойынша қызметтерді көрсету мерзімдерін маңызды қысқартуға мүмкіндік береді.

Осылайша, қабылданған заңнамалық бастамашылықтар елде кәсіпкерлікті және инвестициялық ахуалды дамытуға ынталандырып қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттің халықаралық беделінің өсуін айқындайды.

Шымкент қаласы Әл-Фараби
аудандық Әділет басқармасының
инспектор- тіркеушісі Н.Калмуратов

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.