Версия для печати

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Вторник, 27 Март 2018 12:23 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2507 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау, халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында, әділет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісіндегі Қазақстанның ұстанымдарын жақсарту бойынша кәсіпкерлерге заңгерлік, құқықтық көмек көрсету мақсатында, әділет департаментінің құрылымдық бөлімдері қызметкерлерінің қатысуымен жеке және заңды тұлғалар үшін «Әділет органдары кеңес береді» атты ашық есік күні акциясын өткізуді жоспарлауда.

Іс-шара Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің ғимаратында ағымдағы жылдың 30 наурызында сағат 10.00-да басталады.

Сіздерді аталған шараға қатысуға шақырамыз.

Туындаған сұрақтар бойынша 33-85-89 байланыс телефоны арқылы мәлімет алуға болады. 

 

Оңтүстік Қазақстан облысының
Әділет департаметінің баспасөз қызметі 

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.