Версия для печати

Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою біздің еркімізде!

Пятница, 06 Апрель 2018 09:25 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2440 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Бүгінгі күннің өзекті мәселесі, аса қауіпті дерті – сыбайлас жемқорлық. Жауыр болған тақырып болса да, бұл мәселе – қоғамның, Қазақстанның экономикалық және саясат өмірінде шешімі табылмай тұрған мәселелерінің бірі. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді, еліміз үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылады.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру ел дамуының жалпы мемлекеттік міндеті.

  Әсіресе, мемлекеттік билік органдарындағы сыбайлас жемқорлық аса қауіпті. Бұл жағдайда ол мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдауда беделін түсіретін өкілеттілігінің және қатаң құқықтық есеп берудің, шенеуніктерді қадағалаудың жоқтығынан биліктің монополияға айналуына әкеліп соқтырады.

Жемқорлық фактілері көбіне мемлекеттік билік органдарында орын алып жатқаны бүгінде жасырын емес. Ондағы бармақ басты, көз қысты іс-әрекеттер қоғам үшін аса қатерлі. Ол еліміздің, қоғамымыздың және жекелеген азаматтардың мүдделеріне көп зиян келтіреді.

Осы тұрғыда, айта кетер бір жәйт, сыбайлас жемқорлықтың қоғамдық өмірде белең алуы бір жақты ғана мәселе емес. Яғни, қай жанжалда болмасын, кінә екі жақты болатынын естен шығармауымыз керек. Параны алған адам да, оған ол параны ұсынушы да заң алдында бірдей жауапты болуы керек. Сонда ғана, бұл дертті жеңуге мүмкіндік пайда болады.

Ең бастысы, әр азамат өзінің заң алдындағы жауапкершілігін терең сезініп, құйтырқы әрекеттерге бармаса, бізден асқан мықты мемлекет, берік, дамыған, өркениетті ел болмайды.

 

Серік АЛИМКУЛОВ,
Шымкент қаласы Әл-Фараби
аудандық Әділет басқармасының
жетекші маманы,
«Қазақстан Заңгерлер Одағы»
РҚБ-ң ОҚО филиалының мүшесі

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.