Дертті емдемесең, өршиді

Среда, 25 Апрель 2018 06:02 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2994 раз

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңдамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзіліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады.

Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес те үздіксіз жүргізіліп келеді.

Сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту мәселесі Елбасы жариялаған бес институционалдық реформаларды жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарынан да орын алды. Осы ұлт жоспарының 13-қадамда «Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен бірге, жаңа заңдамалар әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру» нақтыланған. Осы қағидаттардың нәтижесінде 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңды қолданысқа еніп, сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізін құрап отыр.

Аталған заңға сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресудің жаңа қағидалары мен механизимдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жаңа жүйесі негізілді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жойып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілерінің өзара іс-қимылын нығайту қажет.

Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекетпен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту – бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

 

Л. СМАИЛОВА,
Аль-Фараби ауданы бойынша
МКБ-ның мәжбүрлеп өндіру бөлімінің бас маманы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.