Сыбайлас жемқорлық-қоғамды жайлаған індет

Пятница, 27 Апрель 2018 04:17 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 6032 раз

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз-мемлекеттегі лауазымды қызметкерлердің өз дәрежелерін жеке бастарының мүддесі үшін пайдалануы.Бүгінде індетке айналған жемқорлықтың тамыры тереңде жатыр. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Елбасы биылда «Қазақсан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.

Қазіргі заманғы қоғамда сыбайлас жемқорлық аса қауіпті әлеуметтік құбылыстардың қатарына жатады. Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады.

Жалпыға мәлім, Мемлекет басшысының Жарлығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қағидалары бекітілді. Сондай-ақ, оған қоса Мемлекеттік қызмет істері министрінің бұйрықтарымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидалары бекітілді. Сыбайлас жемқорлықты қалай жоюға болады? Пара бермеу және алмау, мақсатты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырысу, парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беру.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтық жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс. Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Бұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлықпен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

 

Г. БЕКАСИЛОВА,
Еңбекші ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының
мәжбүрлеп өндіру бөлімінің
жетекші маманы 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.