Версия для печати

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі

Пятница, 27 Апрель 2018 11:57 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2385 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі принциптерінің бірі сапа мен қолжетімділік, сонымен қатар, процесті тұрақты жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі болып табылады.

 Дүниежүзілік «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның ұстанымдарын жақсарту мақсатында, аталған принциптерді басшылыққа ала отырып, жылжымайтын мүлікке құққытарды тіркеу саласында тиісті дәрежеде жұмысты орындау үшін әділет органдары жыл сайын мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруде.

«Жылжымайтын мүлікке құқықтардымемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес тіркеуші органдармен электрондық нысанда жылжымайтын мүлікке құққытарды тіркеу жүзеге асырылуда.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу-құқықтық кадастрдағы мәліметтердің уақытылы жаңаруын қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда жылжымайтын мүлікке жасалатын нотариалдық мәмілелер бір жұмыс күні ішіндетіркеледі. Яғни элетрондық тіркеу мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін қысқартады, сонымен қатар, тіркеу мерзімінің бұзылуын алдын алу болып табылады.

Тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар, жылжымайтын мүліктің бар жоғы туралы анықтамалар түріндегіақпараттық қызметтер өтініш берушінің жүгінуі кезінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік коорпорациясы» коммерциялық емес ұйым АҚ «Халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалымен ұсынылады.

 Яғни, тұрғындар бір жерге барып қана өз мүлігін рәсімдей алады. Әділет органдарының жұмыстарын орындау тәртібін елеулі оңтайландырып, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсетудің жоғарыда көрсетілген функцияларын жүзеге асыруды әділет басқармаларымен атқарылып жатқан жұмыстардың тәртібін айтарлықтай қысқартады.

Тап солай, заңды тұларды мемлкеттік тіркеу тәртібіне жаңалықтар енгізілген. Демек, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарған.

 Қазіргі кезде шағын және орта кәсіпкерлік субьектілер арнайы мемлекеттік тіркеуден өту үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ұйым АҚ-ның «Халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалына бармай ақ, электронды үкімет порталы арқылы тіркей алады.

Сонымен қатар, 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша енгізілген өзгерістерге сәйкес, шағын және орта кәсіпкерлік субьектісіне жататын заңды тұлғаны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеу кезінде, банктік шот ашуға арналған және жұмыскерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыруға (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметін жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына енбестен жүзеге асырғанжағдайларды қоспағанда) өтініш электрондық нысанда қолданыстағы заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес беріледі.

 

 Жайна ТОҚСАНБАЕВ,
6ОҚО Әділет департаментінің
жылжымайтын мүлікке құқықтарды
тіркеу жұмысын ұйымдастыру
бөлімінің инспектор-тіркеушісі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.