Контрафактілік тауарларды сатып алу қауіпін болдырмау

Пятница, 11 Май 2018 11:15 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2380 раз

Әлемдегі елдердің бәсекеге қабілеттілігін көрсететін бірден-бір беделді рейтинг – жыл сайын өтетін Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі. Онда әлемдегі мемлекеттердің экономикалық дамуына тәуелсіз баға беретін болғандықтан, оған қатысу аса маңызды болып табылады

Үкіметіміз ДЭФ ЖБҚИ көсеткіштерін жақсарту шараларының жоспарын бекіткен болатын. Соған сәйкес, Әділет министрлігі ДЭФ ЖБҚИ негізгі 3, қосымша 4 индикатордың орындаушысы. Негізгісін атасақ, «Меншік құқығы», «Әкімшілік реттеуді даулау кезінде заңнаманың тиімділігі», «Даулы істерді шешуде заңнаманың тиімділігі», «Зияткерлік меншік құқығын қорғау», бұл индикаторларда алдыңғы жылмен салыстырғанда оң көрсеткіштер басым. Себебі, осы мақсатта арнайы заңдар қабылданып, әділет органдары қызметкерлері тарапынан насихат жұмыстары жүйелі жүргізілуде.
Соның бірі, контрафактілік тауарларды сатып алу қауіпін болдырмау үшін өнімдердің мынадай белгілері бар-жоғын есте сақтап, тексеріп алу қажет: Тіркелген тауар белгісі- тауар таңбасы ретінде бейнелеу, сөз, көлем белгілері және өзгеде белгілер кез келген бояулы түстер үйлесімінде тіркелуі мүмкін. Тіркелген әрбір тауар белгісіне заңды иесі тауар белгісі пайдаланатын өнім толық сипатталатын куәлік алады. Тауар белгісін қорғау белгісі- латынша «R» немесе латынша «R» әріпі шеңберге алынған болуы тиіс. Әрбір тіркеуге алынған тауар белгісінде құқықтық қорғау мен сақтау белгісі болады, ол тауар белгісінің жанына орналастырылады және бұл белгі аталған тауардың қорғалатынын білдіреді. Құқық иеленушінің рұқсатынсыз оның тауар белгісіне ұқсас белгілерді, тауар белгісін дараландыру үшін тіркелген тауар таңбасын немесе біртектес тауарларды пайдалануға ешкімнің де құқығы жоқ, себебі осылайша пайдаланудың нәтижесінде олардың араласып кету мүмкіндігі туындайды. Тауар белгісін пайдалануға рұқсат беретін құжаттар. Құқық иеленуші заңмен қорғалатын және тіркелген тауар белгісін басқа тұқлғаға пайдалануға бере алады, алайда ол тиістіқұжаттармен (тауар белгісіне берілетін айрықша құқықты иеліктен шығару туралы келісім-шарт немесе тауар белгісін пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық келесем-шарт) расталуы тиіс. Мұндай құжаттарды тексере отырып, онда уәкілетті мемлекеттік органның белгісі бар болуы нақтылау қажет, себебі тауар белгісіне айрықша құқық берілу туралы барлық келісім – шарт жарамсыз болып табылады. Осындай кеңестерді ескере отырып, нақты өнімнен жасанды (контрафактілік өнімді айыру қиындық туғыза қоймайды. Тауарлардың тіркелген белгісі немесе соған ұқсас белгілері заңсыз көрсетілген кез келген тауарлар, этикеттер, тауарлардың бумалары контрафактілік болып табылады.

А.Жаубасаров
Шымкент қаласы Әл-Фараби
аудандық әділет басқармасының
бас маманы, «Заңгерлер Одағының» мүшесі

Последнее изменение Пятница, 11 Май 2018 11:24
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.