Версия для печати

Жеке сот орындаушылар институтын дамыту

Понедельник, 14 Май 2018 05:31 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 7144 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Елбасының «100 нақты қадам» бағдарламасы Қазақстанның дамуына, қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Оның аясында заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін еліміздің құқықтық жүйесінің мәселелері бойынша 19 мақсатты қадам қарастырылған.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылы   5 мамырда Астана қаласында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында  айтып өткен міндеттерінің бірі заң үстемдігін қамтамасыз ету болып табылды. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету реформасы әділ соттың қызмет істеуі мен жабдықталуының басқа да маңызды қадамдарымен қатар жеке сот орындаушылары институтын ары қарай дамытуды қамтиды.

Жеке сот орындаушыларын азаматтар мен мекемелердің заңды мүддесін және құқығын қалпына келтірудің альтернативті тәсілі ретінде толыққанды түрде тануға болады. Сонымен қатар бұл институттың мемлекеттік мәжбүрлеп орындату жүйесінің алдында бірқатар артықшылықтары бар. Соның ішінде еңбегінің төленуі атқарушы құжаттардың орындалу нәтижесімен тікелей байланысты болғандықтан сот орындаушыларының жұмысты тиімді атқаруға ұмтылуы. Яғни жеке сот  орындаушыларының табыс көзі өндірілген соманың белгілі бір пайызы болғандықтан атқарушы құжаттар нәтижелі әрі жедел орындалады, тиісінше, жеке сот орындаушыларға төленетін ақы талап етушіден емес, атқарушы өндірістегі қарыздардан өндірілетін болады. Осылайша жеке сот орындаушысы өзжұмысының уақытылы орындалуына әрі оң нәтижеге жетуге ұмтылатын болады.

«100 нақты қадам» ұлт жоспарының 27-қадамын жүзеге асыру мақсатында 2015 жылдың 29 қазанында ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына (ары қарай Заң) өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресми түрде қолданысқа енгізілген.

Заңда қабылданған өзгерістер мен толықтырулар жеке сот орындаушылары мен мемлекеттік сот орындаушыларының өкілеттіктерінің  шегі біршама ажыратылды. 2016 жылдың 1 қаңтарында жеке  сот  орындаушыларының құзырына – мемлекеттен өндіріп алу туралы, мемлекет пайдасына 1000 (АЕК) сома өндіріп алу, сондай – ақ мемлекет пайдасы үшін қонысынан шығарып тастау, үйді бұзу, жер телімін алып қоюдан басқа барлық атқарушы құжаттар кіргізілді. Сот  орындаушыларының өкілеттіктері жеке тұлғалардың банктегі есеп шоты туралы ақпаратты талап ету құқығын беру  арқылы кеңейтілді, күштеп орындатуда жеделдету мақсатымен жеке сот орындаушыларының жекелей істерде  шара қодануына қысқартулар мен қаулы шығаруға қатысы жоқ қызметтерді тапсыру арқылы ЖСО көмекшілерінің өкілеттіліктері кеңейтілді.

Сонымен қатар, «Әлеуметтік маңызды істер категориясы» ұғымы енгізілді, оған алимент, еңбекақыны,  зейнетақыны, жәрдемақыны, адам өмірі мен денсаулығына залал келтіргені үшін төлемақыны өндіру жатқызылды. Сондай-ақ, Заңның 103-1 бабына сәйкес ЖСО жеке тұлғаларға жоғарыда көрсетілген істерді орындауда мемлекет кепілдік берген тегін заңдық көмек беруі тиіс. Заңның 117-1 бабына сәйкес ЖСО қызметіне әлеуметтік маңызды категориялы істерді орындағанда республикалық бюджет есебінен 5 АЕК (МРП) көлемінде ақы төленеді.

            Мемелекет басшысы ұсынған ұлт жоспары мемлекеттік сот орындаушыларын 2016 жылдан 2018 жылға дейін кезең-кезеңмен қысқартуды көздейді. ЖСО санын көбейту жоспарланып отыр, бұл облыс аудандарын олардың қызметімен толық қамтып қана қоймай, ЖСО арасында оң бәсекелестіктің дамуына ықпал етеді.

           Атқарушы өндірістің мақсаты – заңмен қорғалатын құқықтардың бұзылуын қалпына келтіру. Атқарушы өндірісті жетілдендіру мен тиімділігін арттыру мемлекеттік аппараттың жұмыс көлеміне дәуір азайтуы және жеке сот орындаушы институтының ары қарай дамуына ықпал етеді.

            

Иманәлі Айнабеков,

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық

әділет басқармасының  инспектор-

тіркеушісі, «ҚР Заңгерлер одағы»

ОҚОФ-ның мүшесі

Последнее изменение Понедельник, 14 Май 2018 05:40
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.