«Зияткерлік меншікті қорғау және заңсыз айналымдағы тауар белгілері»

Вторник, 15 Май 2018 13:48 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2625 раз

       Әділет органдарының міндеттерінің бірі - зияткерлік меншік құқығын қорғау және тауардың шыққан жерлерінің атаулары болып табылады. Зияткерлік меншік адамның ақыл ойымен жасалған барлық шығармалары, яғни мүліктік шығармалар болып табылады. Зияткерлік меншік – материалдық емес игілікке жатады және құқық иесінің келісімімен ғана пайдаланылады.

 

 

Статистика бойынша, қазіргі таңда әрбір адам күніне үш мың тауар белгісімен бетпе-бет келеді. Дүкен сөрелерін айтпағанның өзінде телевидение, радио, ғаламторда, көшелерде тауар таңбаларын көруге болады. Бүгінде олар бизнестің маңызды бөлшігіне айналды.

Тауар таңбасына заңда былайша түсінік берілген: тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы-заңға сәйкес тіркелген немесе ҚР қатысатын халықаралық шарттардың күшімен тіркеусіз-ақ қорғалатын бір заңды және жеке тұлғаның тауарын келесі бір заңды және жеке тұлғаның біртектес тауарынан ажырататын белгі.

Осы аңықтамадан тауар таңбасының өнімді, қызмет түрін айқындайтын қызмет атқаратынын түсінуге болады.

Бірақ «тауар таңбасы» атауының өзіне тоқталып, оның тек айқындағыш құрал емес, құқықтық күші бар, мемлекеттік қорғауындағы тіркелген белгі екенін атап өту керек.

Тауар таңбасын тіркеу ресми түрде міндеттелмесе де ол тауар шығаратын немесе қандайда бір тауар таңбасының атымен қызмет көресететін  кәсіпкердің өзі үшін тиімді. Ең алдымен сіздің тауар таңбасын келесі бір адамдар қолданбау үшін, барлық құқық тек сізде болу үшін қажет. Ал мұндай құқыққа тек құзырлы органда тіркеуден өткеннен кейін ие боласыз. Тауар таңбасы кәсіпкерге айтарлықтай пайда алып келетін материалдық емес активке айналады. Тауар таңбасын сатуға, үшінші тарапқа  оны қолдануға рұхсат бетерін арнайы лицензияны ақысына беруге, банкке кепілдікке қоюға болады. Сондай-ақ тауар таңбасының иесі заңбұзушыдан шығындарын өтеуді талап етіп, оны жауапкершілікке тартуға құқылы. Өйткені тауар таңбасының өз бағасы бар. Егер ол «бренд» болса құны тіптен қымбат болады.

Заң бойынша кескінді, әріптік, мәтіндік, сандық, көлемді белгілері тауар таңбасы бола алады.

Сөздік немесе мәтінді таңбалар жекелеген сөздерден, тіркестерден тұрады. Көбіне бұл мақсатта слогондар мен жаңадан ойлап табылған сөздер пайдаланылады. Бір айта кетерлігі, тіркелген таңбалардың көпшілігі осындай мәтіндік таңбалар. Өйткені олар есте тез сақталады, тез ажыратылады. Статистика бойынша, тіркелген тауарлардың 80 пайызы осы топқа жатады.

          Сонымен қатар, тауар таңбасы заңмен қорғалады және оны тауар үшін Тауар таңбасы ретінде тіркелген бүкіл тауарға немесе оның бір бөлігіне қатысты жасалған шарт бойынша басқа бір заңды және жеке тұлғаларға беруге болады. Сонымен бірге Тауар таңбасының иесі (лицензиар) Тауар таңбасының пайдалану құқығын лицензиялық келісім бойынша басқа тұлғаға (лицензиатқа) беруі мүмкін. Тауар таңбасымен қатар белгілі бір фирманың тауарын емес, барлық тауарларын таңбалау үшін символ-белгі түріндегі сауда таңбасы (кейде оны фирмалық белгі депте атайды) мен шығарылатын өнімге емес, шығарушы фирмаға тиесілі сауда атауы да пайдаланылады. Заң жүзінде қорғалған Тауар таңбасы, әдетте дөңгелек сызықпен қоршалған латынша R әріпімен – таңбаланады.

     Тауар таңбасын иеленушінің оны пайдалануға заңмен қорғалған айырықша құқығы болады.  Тауар таңбалары фирмалық тауарларға, орамаларға, сызбаларға, анықтамалықтарға, шоттарға, бланкілерге, зат белгілерге және тауарлармен, жұмыстармен, қызметтермен қоса жүретін басқа да құжаттамаларға соғылады. Тауар таңбасы зияткерлік белгілерге жатады және негізгі құрал-жабдықты ақыға сатып алған жағдайда айналымнан тыс активтердің құрамында есептеледі. Егер тауар таңбасын субъектінің өзі әзірлеген болса, онда мұның өзі оның өнімі, тауары деп саналады, оны өткізу сәтінде және тек оны сатып алған тарапта ғана оның бейматериалдық актив деп бағалануы мүмкін. Тауардың арнаулы, ал  статистика мақсаты үшін- есеп айырысу сипаты заң жүзінде бөлщек сауданың басты белгісі болып табылады.

 

Темірхан Бекмурзаев

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық

әділет басқармасының жетекші маманы

«Қазақстан Заңгерлер Одағы»

                         РҚБ-ң ОҚО филиалының мүшесі

 

Последнее изменение Вторник, 15 Май 2018 13:58
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.