«Электрондық үкімет» веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы Мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы

Пятница, 18 Май 2018 08:56 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2390 раз

Салық төлеушілер салық органының жұмыс режиміне тәуелді болмай, «салық төлеуші кабинеті» web-қосымшасын қолдана отырып, «электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz)арқылы өздеріне ыңғайлы, кез келген жерден және тәулік бойы мемлекеттік қызмет түрлерін электронды түрде алу мүмкіндігі бар екенін назарыңызға жеткіземіз.

Сонымен бірге, "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы арқылы төменде көрсетілген мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі жөнінде хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 239 және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 47 бірлескен бұйрығы   мен бекітілген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесі:

1. Жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі туралы салықтық өтініш.

2. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш.

3. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтініш.

4. Бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша жеке шоттан үзінді көшірме алуға салықтық өтініш.

5. Тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш.

6. Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізуге салықтық өтініш.

7. Салық резиденттігін растауды алуға салықтық өтініш.

8. Электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш.

9. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы алуға салықтық өтініш.

10. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы салықтық өтініш.

А.Жумашова
Еңбекші ауданы бойынша 
Мемлекеттік кірістер басқармасы, 
Ақпаратты қабылдау және беру
орталығы бөлімінің бас маманы 

 

Последнее изменение Пятница, 18 Май 2018 09:08
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.