Әділет органдары жұмыстарының басым бағыттары

Пятница, 18 Май 2018 09:14 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2710 раз

Қазақстан Республикасының Әділет органдары мемлекет кепілдік беретін және Қазақстан Республикасы Конституциясындағы белгіленген адам құқықтарын жүзеге асыру негізінде әрекет етеді.

Қазіргі таңдағы өмір шындығын ескере отырып, әділет органдары азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға барлық жағдайды жасайды. Атап айтқанда, әділет органдарының қызметі көптеген әкімшілік тежеулерді азайтуға, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің, оның ішінде әртүрлі салалар бойынша қызметтің электрондық сапасын жақсартуға бағытталады. Әділет органдарының басым бағыттарына яғни атқаратын қызметінің негізгі түрлеріне: Жалпы мемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу, заң жобасы жұмысын жүргізу, заңдарды талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілер жобаларына заң сараптамасын жүргізу арқылы адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін қалыптастыруға қатысу, заңды тұлғалардың тіркелуін жүзеге асыру, құқықтық көмекті және заң қызметін көрсетуді және құқықтық насихатты қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасындағы заңдармен жүктелген басқа да қызмет түрлері жатады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау оларды қолданысқа енгізудің міндетті шарты болып табылады. Бұл Конституцияда белгіленген маңызды ережелердің бірі. Осыған байланысты, мемлекеттік тіркеу олардың күшіне енуінің қажетті шарты болып табылатын мемлекеттік тіркеу міндетті әділет органдарына жүктелген. Осы басты мәселеге Әділет органдары ерекше назар аударады. Қазіргі таңда  нормативтік құқықтық актінің мәтінін заңда көрсетілген мерзімде толық жариялаудың міндеттілігі  заң деңгейінде белгіленген. Бұл оның мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік құқықтық актілерінің қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Бұл жерде Әділет органдары орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің уақытылы және сапалы жариялануын бақылап, мониторинг жүргізіп отырады. Сөйтіп, азаматтармен кәсіпкерлік саласы  өкілдерінің құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етіледі. Әділет органдары қызметінің бір бағыты зияткерлік меншік құқықтары саласы. Қазақстан Республикасының «Әділет органдарының» Заңына сәйкес, Әділет органдарына зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға байланысты бірнеше  міндеттер жүктелген. Әділет органдары жүйесіндегі тағы бір сала жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы. Соңғы уақытта Әділет министрлігі жылжымайтын мүлік рәсімін электронды түрде тіркеуге қол жеткізді. Яғни, жасалған түпкілікті реформалар негізінде жылжымайтын мүлікке құқық құжаттардың электрондық көшірмесі негізінде тіркеледі. Қазақстан Республикасының Конституциясының әрбір нормасын қамтамасыз етуге мемлекеттік билік тармақтары міндетті екені айқын. Бұл жердегі Әділет органдарының рөлі ең алдымен, азаматтар мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуінен көрінеді және бұл Әділет органдарының өзіне жүктелген міндеттері мен функцияларын сапалы атқаруы арқылы жүзеге асырылады.

БОТАН Дина Балтабекқызы
Шымкент қаласы Еңбекші аудандық
әділет басқармасының басшысы
«Қазақстан Заңгерлер Одағы»
РҚБ-ң ОҚО филиалының мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.