Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы

Среда, 30 Май 2018 05:09 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 155 раз

«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы»Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 10 қаңтарда қабылданды.

 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында бағалау қызметiн жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ бағалау қызметін реттеудің құқықтық негіздерін айқындайды.

       Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

       Мемлекеттiк мүлiктi бағалауды ұйымдастыру ерекшелiктерi, мүлік мемлекеттiк мүлiктiң құрамына түскен, мемлекеттiк мүлiктi жеке тұлғалардың және (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың пайдалануына берген, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiктi иелiктен шығарған кезде мүлiктi бағалау жағдайлары мен ерекшелiктерi "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-тарауында белгiленедi.

        Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау ерекшеліктері "Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.

        Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

        Бағалаушылар және бағалаушылармен еңбек шартын жасасқан заңды тұлғалар бағалау қызметiнiң субъектiлерi болып танылады.

        Бағалаушы бағалау қызметін жекеше практикамен айналыса отырып өзі дербес түрде, сондай-ақ бағалаушы мен заңды тұлға арасындағы еңбек шарты негізінде жүзеге асыруға құқылы.

        Бағалау объектiлерiне:

       1) жекелеген материалдық объектiлер (заттар), тұлғаның мүлкін, белгілі бір түрдегі мүлікті (жылжымалы немесе жылжымайтын) құрайтын заттар жиынтығы, оның iшiнде қараусыз қалған, иесiз қалған мүлiк;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жүргізетін, салықтық базаны айқындау кезінде жеке тұлғалардың салық салу объектілерін (тұрғынжай, саяжайлық құрылыс, шаруашылық (қызметтік) құрылыс, ірге қабат, тұрғынжайдың жертөлесі, гараж), кадастрлық (бағалау) құнын айқындау кезінде жер учаскелерін қоспағанда, мүлiкке немесе мүлiк құрамындағы жекелеген заттарға меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар, талап ету құқығы, міндеттемелер (борыштар), жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, ақпарат, сондай-ақ зияткерлік меншік құқығы объектілері, азаматтық құқықтардың өзге де объектілері, оның ішінде қараусыз қалған және иесіз қалған объектілер жатады.

       Мiндеттi және бастамашылық бағалау бағалаудың түрлерi болып табылады.

       Мiндеттi бағалау Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес:

      1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мүлікке салық салу;

      2) мемлекеттік мүлікті жекешелендіру, сенiмгерлiк басқаруға не жалға (кейiннен сатып алатын жалға) беру үшін жүргізіледі.

      Осы тармақшаның нормалары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіп берілген мүлікті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдарына сенімгерлік басқаруға не жалға беру жағдайларына қолданылмайды;

      3) ипотекалық қарыз беру кезінде, сондай-ақ кепілге қойылған мүлікті өткізу қажет болған кезде ипотекалық кредиттеу;

      4) мүлiктi мемлекеттiк мұқтаждарға сатып алу және алып қою;

      5) сот орындаушысы жүргiзген бағалауға борышкер немесе өндiрiп алушы қарсылық бiлдiрген жағдайда борышкер мүлкiнiң құнын айқындау;

      6) мемлекеттік меншiкке түскен мүлiктің құнын айқындау үшін;

      7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргiзiледi.

       Бастамашылық бағалау бағалаушының осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес бағалау жүргiзуі жөнiнде тапсырыс берушiнiң ерiк бiлдiруi негiзiнде жүргiзiледi.

      Бағалау жүргiзу құқығы сөзсіз құқық болып табылады.

      1. Бағалаушылар палатасы коммерциялық емес ұйым нысанында құрылады және міндетті мүшелікке негізделген, кемінде үш жүз бағалаушыны мүшелік шарттарында біріктіретін өзін-өзі реттейтін ұйым болып табылады.

      2. Бағалаушылар палатасының қызметі осы Заңмен, өзге де заңдармен, бағалаушылар палатасының жарғысымен, стандартымен және қағидаларымен реттеледі.

      3. Бағалаушылар палатасының мәртебесі бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган оны бағалаушылардың өзін-өзі реттейтін ұйымдары тізіліміне енгізген күннен бастап алынады.

      Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган бағалау қызметі саласындағы бақылауды, бағалаушылар палаталарының Қазақстан Республикасының заңнамасын, бағалаушылар палатасының жарғысын және ол қабылдаған қағидалар мен стандарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады.

      Бағалаушылар – бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиялары бар жеке тұлғалар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бағалаушылар палатасында біліктілік емтиханынан өтпестен, "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәлікті алуға құқылы.

      Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін заңды тұлғаларға берілген және олар алған бағалау қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиялар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жарамсыз деп танылады.

 

 А.Жаубасаров

Шымкент қаласы Әл-Фараби

аудандық әділет басқармасының

бас маманы, «Қазақстан заңгерлер Одағы» РҚБ-ның мүшесі

Последнее изменение Среда, 30 Май 2018 05:20
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.