ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі бағыттары туралы

Среда, 30 Май 2018 05:13 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2233 раз

Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақ­ты қадам» Ұлт жоспарындағы «Жем­қор­лыққа қарсы күресті күшейту, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлеу» бөлігінде көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Парламенті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылдады.

Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мемлекеттің одан әрі табысты дамуы үшін сөзсіз басымдық болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністері қоғамның мүддесіне зардабын тигізіп және мемлекеттің экономикалық өсуіне орасан кедергі келтіреді. Сондықтан да біздің еліміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл мәселелерінде халықаралық тәжіри­белерге сүйеніп әртүрлі шаралар мен модельдерді үйлестіріп отырады.

2015 жылғы сәуірде осы Стратегияны іске асыру жөніндегі Үкіметтің жоспары бекітілді. Онда алдағы үш жыл ішіндегі көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар анықталды. Сонымен қатар, Елбасымыз ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында кә­сіби мемлекеттік аппарат құру мен сыбайлас жемқорлықты барынша азайту басым бағыттардың бірі болып белгіленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл мәселелеріндегі кешенді көзқа­расқа «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Жалпыға бірдей декларациялау туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы», «Ақпараттандыру туралы», сондай-ақ, Кәсіпкерлік және Этика кодекстері сияқты бірқатар заңнамалық актілер арқылы қол жеткізілді.

Мемлекеттік қызметті реформалаудың жаңа кезеңі мансаптық жолға ауысуды және мемлекеттік аппаратқа кадрларды іріктеу мен жылжыту үдерістерін кешенді өзгертуді қалайды. Сонымен қатар, жаңа тетіктер меритократия қағидаларын күшейтуге, мемлекеттік қызметте есеп беру мен сыбайлас жемқорлықтан тыс басқару аппаратын құруға бағытталған.

Мемлекеттік қызметке іріктеу және мансаптық жоғарылау кезінде біліміне және жұмыс өтіліне қойылатын талаптармен қатар, маңызды талаптар – қызметшілердің атқарып отырған лауазымдары бойынша нақты міндеттерін тиімді атқаруға қажетті құзыреттерінің болуы. Мұндай тәсіл Қазақстанда бірінші рет қолданылатын болады.

Жаңа заңнамалық актілердің барлығы озық әлемдік үрдістерді ескере отырып құрастырылған және бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа кезеңіне өтуге септігін тигізеді. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайту – агенттік қызметінің негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

Осы аталғандардың негізінде, Қазақ­стан БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясының, Ыстамбұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының, ЭЫДҰ-ның (экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы) және ЕҚЫҰ-ға толық құқықты мүшесі ретінде ГРЕКО – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекеттер тобына кіру үшін сыбайлас жемқорлық пен қыл­мыс­тық және азаматтық-құқықтық жауап­кер­шілік жөнінде еуропалық конвен­цияларға қол қою іс-шаралары жүзеге асырылуда.

Заң үстемділігі мен демократиялық инс­титуттарды нығайту арқылы жүзеге асырылған өзара әрекеттесудің осындай деңгейі Қазақстанның мемлекеттік басқару органдары мен азаматтық қоғам арасында тікелей диалог құруға ықпал етеді.

  

Шымкент қаласы
Еңбекші аудандық әділет
басқармасының жылжымайтын
мүлікке құқықтарды тіркеу саласының
инспектор-тіркеушісі Б.Усипбеков
«Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ Оңтүстік 
Қазақстан облыстық филиалының мүшесі

Последнее изменение Среда, 30 Май 2018 05:17
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.