Версия для печати

Тауар белгісі – зияткерлік меншік нысаны

Пятница, 29 Июнь 2018 11:19 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4531 раз
Оцените материал
(0 голосов)

«Зияткерлік меншік» термині Қазақстан Республикасының заңына 90-жылдардың басында кірді. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бастап, дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, сол арқылы халықаралық қатынастарда өзіне сәйкес құқықтар мен міндеттерді қабылдап отыр. Солардың бірі зияткерлік меншікті қорғау. Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік Ұйымының мүшесі, сондықтан да зияткерлік еңбек әрбір азаматтың жеке меншігі.

 ҚР АК-нің 125-бабында зияткерлік меншік басқа да заң актiлерiнде белгiленген реттер мен тәртiп бойынша азаматтардың немесе заңды тұлғалардың шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң нәтижелерiне және оларға теңестiрiлген заңды тұлғаларды дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғалардың өздері жүзеге асыратын жұмысының немесе қызметiнiң өнiмдерiне (фирмалық атау, тауар белгiсi, қызмет көрсету белгiсi және т.б.) ерекше құқығы деп танылады.
 Әдебиет туындыларды, бейне жазбаларды, музыкалық туындыларды құқық иелерінің келісімінсіз қолданылуы тек қана мемлекеттің экономикасына зиян келтірмей-ақ, сонымен қатар көрсетілген өнімдер авторларының және тұтынушыларының құқықтарын бұзады.
 Авторлық және сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік және зияткерлік меншіктің маңызды құрамасы бола келіп, келесі интелектуалдық шығармашылық қызметтердің нәтижелеріне таралады: ғылым, әдебиет және өнер туындылары; эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының орындалуы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарларын жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
Сонымен қатар, азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдарына: өнертабыс, пайдалы үлгілері, өндірістік үлгілері; селекциялық жетістіктер; итегралдық микросызба топологиялары; ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары; фирмалық атаулар; тауарлық белгілер; тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары. Осы атап айтылғанның иегерлері жеке тұлғалар болып табылғанымен, жалпы мемлекеттің зияткерлік ресурсы және адамзаттың мұрасы болып есептеледі. Сондықтан, мемлекеттің міндеті – барынша зияткерлік шығармашылықты көтермелеу, сонымен қатар, тиімді авторлық құқықтық қорғау арқылы және қосаралас қалыптасуы мен индустрия мәдениеті дамуына, шығармалардың кең таратушылығына және авторлардың тіршілік етуге қажетті қаражаттарымен қамтамасыз етуге, жаңашыл өнертапқыштарды қолдауына мүмкіндік туғызады. Мұнсыз елдің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруы мүмкін емес.
Азаматтардың зияткерлік меншік обьектісі Конституция бойынша сақталады, заң жүзінде қорғалады. Біздің елімізде Қазақстан азаматтары мен қатар шетел азаматтарының да зияткерлік меншік құқығы заң алдында бірдей қорғалады.
Азаматтардың зияткерлік меншігін қорғау арқылы мемлекет олардың шығармашылық өрісінің дамуын, сол арқылы ел экономикасының дамуына қолайлы жағдай жасайды. Зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселесі тек қана өзінің шығармашылық қызметінде объектілерімен ие болып жатқан азаматтарды алаңдатпайды, олармен бірге қызметі авторлардың және өнертапқыштардың құқықтарын қорғауына бағытталған мемлекеттік органдары да зияткерлік меншікті шеттетпейді, өйткені осы бағытқа арналған мемлекеттік органдардың жұмысы жалпы Республиканың халықаралық шарттарына қосылуына және халықаралық ұйымдарға, ассоциацияларға және зияткерлік меншікті қорғау одақтарына кіруіне қажет.
Зияткерлік меншіктің қорғанысы әлемде елдің ахуалын анықтайтын маңызды факторларының бірі болып табылады. Әрбір кәсіпкер, өз жұмысында зияткерлік меншік обьектілерін қолданып, пайда – табыс табу мақсатында лицензиясыз өнімдерді пайдалану немесе меншік иесінің рұқсатынсыз жұмыс жасау заң алдында жауапкершілікке тартылатындығын білуі қажет.
Жалпы, әлем елдерінде зияткерлік меншікті қорғау мәселесін жетік қадағаланады.
Өйткені, бұл елдерде азаматтардың ойы, идеясы табыс көзі ретінде жоғары бағаланады. Оны ұрлауға, рұқсатсыз пайдалануға жол  берілмейді. Содан болар, шетелдерде кітабын жазып, жаңалығын ашып, шығармасын ұсынған жандар қаржыдан да таршылық көрмейді, сый-құрметтен де кенде қалмайды. Ал, біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өзгенің идеясын ұрлау, жаңалығын көшіру деректерінің көп кездескені белгілі. Сондықтан, ғылым, әдебиет және өнер туындыларын коммерциялық негізде пайдаланатын тұлғалардың құқықтық сана деңгейін көтеру басты мақсаттардың бірі ретінде қала береді. Жалпы, пәрменді заңның қабылданып, арнайы құрылымдардың жұмыс істеуі зияткерлік меншікті қорғау тетіктерін нығайтып, көшірменің санын азайтқанын айта кеткен жөн.
Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекелестік индексі қатысушы елдердің «Зияткерлік меншікті қорғау» көрсеткішіне де баға беретіні мәлім. Осыған орай, әділет органдары отандық нарықта контрафактілі өнімді азайту бойынша жоспарды іс-шараларды қолға алған. Соның нәтижесінде зияткерлік меншік болашақта мемлекет азаматтарының әл ауқаттын көрсететін, құнды ресурс ретіндегі үлкен маңызға ие бола бастады.
Бүгінгі таңда ел Президентінің тапсырмасын орындау бойынша, зияткерлік меншікті ЭЫДҰ   стандартына көшіру аясында Әділет министрлігінің жекелеген департаменті зияткерлік меншік туралы заң жобасына бірқатар өзгерістер енгізді.
Зияткерлік меншік құқығы бойынша Департаменттің негізгі қызметі  - бұл құқықтық-норма базасын жетілдіру, зияткерлік меншікті қорғау және қамтамасыз ету, халықаралық келісімдер бекіту, зияткерлік меншік төңірегінде құқықтық насихат жасау.
Сол сияқты, авторлық құқық – бұл автордың жеке және мүліктік құқығының жиынтығы немесе оның өндіріске пайдалануға беру құқығын қамтамасыз етеді.
Өз кезегінде авторлық құқықтың бұзылғаны үшін азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
ҚР Қылмыстық кодексінің 198-ші бабына сәйкес, бас бостандығынан айыруға дейінгі санкция қарастырылған.
Сотта сіз соттың сізге материалдық және моральдік шығынығызды өтеп беру талабын қоя аласыз. Біз авторлар мен құқығын пайдаланушыларға егер құқыңыз тапталғанын көрсеңіз, бірінші кезекте өзіңіздің шығармаңызды негізге алыңыз деп кеңес берер едік. Біз сонымен қатар аталған айғақты жазып немесе басқа құрылғылар арқылы белгілеп алғандарыңыз дұрыс деп айтар едік. Одан кейін барып, сіздің шығармаңызды пайдаланып, құқығыңызды таптаған адамға хабарласыңыз. Онда болмаса,сотқа шағымдана аласыз.
Қазақстан  Республикасында  зияткерлік  меншікті  қорғау  құқығын  жүйелейтін  нормативтік – құқықтық  актілер  қабылданған.  ҚР азаматтарының нормасы  туралы   Кодекс, әкімшілік  құқықбұзушылық  туралы  Кодекс, «Авторлылық  құқық, шектестік  құқығы  туралы», «Тауар  белгісі, қызмет  көрсету  белгісі  және тауарды  өндірген  жердің  атауы  туралы», «Патенттік  Заң», «Қазақстан  Республикасындағы  селекциялық  жетістіктерді  құқықтық  қорғау  туралы» Заңдар  осы  құжаттардың  ішіндегі   ең  маңыздылары.
Зияткерлік   меншікті  құрған  автордың  құқығы   өмір  бойы  сақталады  және  ол  қайтқаннан  кейінде  елу   жыл  құқығын   қорғау азаматтық  заңнаманың  негізінде  қарастырылған. Бірақ  зияткерлік  меншік  объектілері  мен  авторлық  құқық  заңды  түрде  тіркеуден  өткен  жағдайда  ғана  уәкілдік  органдар   авторлықты   қабылдап   және   оларды  қорғай  алады.
Зияткерлік  меншік  объектілері екі   топқа  бөлінеді:
1) авторлық   объектілер  мен     шектестік  құқық, бұған  жататындар  әдеби , музыкалық  және  көркемдік  шығармалар,
2) меншікті  кәсіпорын  объектілері  саласы, бұған  жататындар  тауарлық   белгілер, өнертапқыштық, пайдалы  модельдер, селекциялық  жетітіктер, фирмалық  атаулар  және  кәсіпорындық  үлгілер.
Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнамасы бойынша объектілердің  авторлары мен шектестік құқығын,автордың келіспей оның шығармаларын пайдалану, немесе гонорарды төлемеу заңсыз болып есептеледі.
Заң   бұзушылар, олардың  кінәларын  мойындатқан  жағдайда  «Өнертапқыш, пайдалы модельдер,  кәсіпорындық  үлгілер, селекциялық  жетістіктер   құқығын  бұзу  туралы»,  «Авторлық  және шектестік  құқығы  туралы»,  «Өзгенің  тауарлық  белгісін, қызмет  көрсету  белгісін,  тауарды  өндірген  жердің  атауын  заңсыз  қолдану  туралы», қылмыстық    баптар  бойынша  «Тауарлық  белгіні  заңсыз  қолданудың»,  «Авторлық  және  шектестік  құқықтың»,  «Өзгенің  тауарлық  белгісін, қызмет  көрсету  белгісін,  тауарды  өндірген  жердің  атауын  заңсыз  қолданудың»  және  азаматтық  бап  бойынша  «Азаматтық  құқықты  қорғаудың»,  «Зияткерлік  меншіктің»» негізінде  әкімшілік  және қылмыстық жаза беріледі.
Елімізде зияткерлік меншік құқығын бұзғаны үшін ҚР қабылданған  заңдарына сәйкес  әкімшілік, қылмыстық және азаматтық-құқықтық  жауапкершіліктер көзделген. Зияткерлік меншік саласындағы қатынастар, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген ережелерге қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауды күшейтетін «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» заң актілері қолданылады.
Заңдарда белгіленген тәртіппен рәсімделген және материалдық тұлғаға көшірілген зияткерлік меншік нысандарының бәрі нарықтық тауар айналымында пайдаланылады және материалдық емес құндылықтар түрінде есепке алынады. Материалдық емес құндылықтар туралы мәмілелер нәтижесінде алынған табысқа жалпы белгіленген тәртіппен салық салынады.

Бегалиева Нуржамал Кайратовна
Оңтүстік Қазақстан облысы 
әділет департаменті зияткерлік 
меншік құқықтар бөлімінің 
бас маманы «Қазақстан Заңгерлер Одағы» 
РБҚ – ң ОҚО филиалының мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.