Шифрлық құралдарды әкелуге рұқсат беру мерзімі қысқартылды

Среда, 01 Август 2018 08:43 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2463 раз

Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевтың төрағалығындағы Мемлекеттік қызметтерді іріктеу бойынша ведомствоаралық комиссия ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін қысқарту жайлы шешім қабылдады.

Енді үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды беру құжаты бұрынғыдай 15 күнтізбелік күнде емес, 8 жұмыс күнінен кейін берілетін болады.Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды беру құжатын беру мерзімі да 15 күнтізбелік күннен 8 жұмыс күніне дейін қысқартылды.
Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу жұмыстары да енді 10 жұмыс күні орнына 5 жұмыс күні ішінде орындалатын болады.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
КЕ
АҚ баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.