Версия для печати

«Әділет органдарының жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу міндеті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына ағымдағы жылдың 28 шілдесінен бастап берілді»

Пятница, 03 Август 2018 04:30 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2689 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Ресубликасының 2018 жылғы 24 мамырдағы №156-VІ «Қазақстан Ресубликасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Әділет органдарының жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу міндеті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына ағымдағы жылдың 28 шілдесінен бастап берілген.

Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу бойынша функциясы мемлекеттік корпорацияға беріліп, қызметтердің көрсетілу мерзімін және тіркеу барысындағы шығынды қысқарып, сондай-ақ қызметтерді кешенді түрде алуға жол ашылды. Бұл өз кезегінде әкімшілік кедергілерді жойып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді.
           Мысалы, осы таңға дейн азамат жеке баспана салатын кезде мемлекеттік корпорация арқылы пайдалануға қабылдау актісінің негізінде құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне сәйкестендіру мәліметтерін енгізетін. Мәліметтерді жүйеге енгізген соң бір жұмыс күнінен кейін меншік құқығын тіркеу үшін осы құжаттарды қайта тапсырады.  

Бүгінгі таңда функциялар корпорацияға беріліп осы екі қызмет ХҚО арқылы бір өтінішпен ұсынылатын болды.
           Сондай-ақ мәліметтерде қателіктер мен ақаулар кездесіп, ақпараттық жүйеге түзету енгізу керек болса, қызмет алушы Әділет министрлігінің бөлімшесіне бармай-ақ, сол жерде ХҚО операторының көмегімен жөндей алады.

 

 

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының

әділет басқармасының бөлім басшысы

Перизат Ермаханқызы

«Қазақстан Заңгерлер Одағы»

                                                                                 РҚБ-ң ОҚО филиалының мүшесі

Последнее изменение Пятница, 03 Август 2018 04:48
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.