Версия для печати

Жұлдыздардың ХҚО-дағы бір күні

Среда, 12 Сентябрь 2018 18:03 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3187 раз
Оцените материал
(0 голосов)

photo 2018-08-24 14-41-44

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының келушілеріне бүгін қазақ эстрадасы мен телевидение жұлдыздары мемлекеттік қызметтерді көрсетті. Азаматтарға арналған үкімет  бір күнге Қыдырәлі Болманды, Құрмаш Маханды, Ғани Жапишевті, Шахаризат Сейдахметованы, Айжан Нұрмағамбетованы, Марат Омаровты, Мырзахан Махановты және Әзімбек Байлинды «жұмысқа қабылдады». Шоу-бизнес өкілдері электрондық кезек талондарын, ақпаратты қанықтамаларды және дайын құжаттарды беріп отырды.

«Жұлдыздың ХҚО-дағы бір күні» атты іс-шара бүгін бір мезетте Ақмола облысындағы Ақмол ауылында, Алматы облысының Қаскелен қаласындағы фронт-офистері мен Алматы қаласының Медеу аудандық ХҚО-да және Астана қаласының мамандандырылған ХҚО-да өтті. Қызмет алушылар өз кумирлерінің қолынан анықтамалар алып қана қоймай, олармен суретке түсу мүмкіндігін де жіберіп алмады.

Мысалы, Шахаризат Сейдахметов мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында автокөліктердің дайын нөмірлік белгілері мен техпаспорттарын беріп отырды. "Адамдармен жұмыс істеу қашанда қиын. Келушілер әр түрлі. Біреулер оң көзқараспен келсе, кейбіреулер бірден негативті көңіл күйде болады. Бұндай халық легін игеру үшін өзің аздап психолог болуың керек. Ең бастысы әрқашан күлімдеуді ұмытпаған жөн", - деді әнші.

Белгілі тележүргізуші Ғани Жапишев анықтама секторында тұрып өзін кеңесші рөлінде сынап көрді. "Мен үшін бұл бір жаңа тәжірибе болды. Кеңесші болған екі сағат ішінде мен шынайы стрестік жағдайда болдым және ХҚО қызметкері жұмысының қаншалықты ауыр екендігін түсіндім. Мұнда тек білікті маман болып дұрыс кеңес беру аздық етеді екен, себебі келушілер әр түрлі, олардың түрлі мәселелері мен түрлі көңіл күйлері маманннан қарым қатынас жасаудың жоғары біліктілігін талап ететіндігін" - Ғани атап айтты.

Азаматтарға арналған үкіметтің 314 фронт-офисінде 8 818 адам қызмет етеді. Бұл аптасына алты күн сағат 9-дан кешкі 8-ге дейін талмай еңбек етіп халыққа мемлекеттік қызметтерді алуға көмектесетін адамдар. Бүгінде ХҚОарқылы 600-ден астам мемлекеттік қызмет алуға болады. Біржылда орта есеппен алғанда азаматтар 38 миллионнан астам қызметті халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алады.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.