Версия для печати

Жолдау-жаһандық дамудың жолы

Суббота, 15 Сентябрь 2018 04:52 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2382 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Президенттердің халқына Жолдауы әлемдегі қалыптасқан үрдіс. Әр мемлекет өз дамуында жыл сайын өздерінің приоритетті басым даму бағыттарын айқындап алады да, содан кейін халықпен, атқарушы билікпен бірге жыл бойына көзделген мақсаттарына жетуге, сұрақтарды шешуге жұмыла кіріседі. Әрине, әрбір мұндай Жолдаулар мемлекеттің алысты меңзей алға қойған стратегиялық мақсаттарымен үйлесіп, сонымен үндесіп жататыны — заңды құбылыс.
Әлемде БҰҰ мүше 200-дей мемлекеттер бар екен. Байқап қарасақ, сол мемлекеттердің біразында Қазақстан сияқты ұзақ мерзімге арналған, даму бағыты анықталған стратегияны байқамадық. Қазақстан әлем мемлекеттері арасында «өз стратегиясын жасауға» толық қабілетті елдердің бірінен саналады. Бұл ғасырлар бойы тәуелсіздікті аңсаған қазақ халқының бағы деуге тұрарлықтай несібеміз. Өйткені, біріншіден, ондай — стратегиялық мүмкіндіктері бар мемлекеттер санаулығана, екіншіден, бұл бізге «әлем стратегиясын» анықтайтын дамыған алпауыт мемлекеттердің өзі санасуына мүмкіндік туғызып отыр
.

Елбасы жолдауы ертеңгі күнге деген сенімімізді нығайта түседі. Отанымыздың кемел келешегіне деген жауапкершілікті Елбасымен бөлісе отырып, мақсаттарды жүзеге асыруда бар күш – жүгерімізді аямаймыз.

                                                                                           Еңбекші ауданы бойынша

                                                                     Мемлекеттік кірістер басқармасының

                                                                     ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар  

                                                                     бөлімінің бас маманы П.Аимбетова  

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.