«Дүниежүзілік экономикалық форум»

Среда, 19 Сентябрь 2018 10:28 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3608 раз

         2017 жылғы 27 қыркүйекте Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) 2017-2018 жылдардағы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есебін жария етті.
Рейтинг нәтижесі бойынша Қазақстан өзінің рейтингтік көрсеткішін 4 позицияға төмендетіп, орташа есеппен 4,35 ұпаймен 57-ші орынға ие болды.
Биылғы жылы рейтингті қайтадан Швейцария басқарды, ол соңғы 9 жыл ішінде өзінің позициясын тұрақты түрде сақтап қалып отыр. Рейтингтің көшбасшылары АҚШ, Сингапур, Нидерланды және Германия болып қала береді.
Дүниежүзілік экономикалық форумның 2017-2018 жылдардағы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде (ЖБИ) 2017-2018 жылдар аралығында бағаланған елдер саны 137 болды (өткен жылы - 138). Деректер жеткіліксіз болғандықтан, биылғы жылы бес ел (Барбадос, Боливия, Кот-д'Ивуар, Габон және Македония) рейтингтен шығарылды және 4 ел қайтадан енгізілді (Гвинея, Гаити, Сейшел аралдары және Свазиленд). Жалпы алғанда, ДЭФ  ЖБИ-мен қамтылған елдерде өндірістің жалпы көлемі әлемдік ЖІӨ-нің 98 пайызын құрайды.
ЖБИ  114 көрсеткіш  бойынша есептеледі, олардың 34-і статистикалық деректер негізінде есепке алынады, ал қалғандары орта және ірі кәсіпорындар басшыларының бағалауы бойынша жүргізіледі. 114 көрсеткіштің ішінен 12 бәсекеге қабілеттілік факторы шығарылады, бұл экономикалық дамудың әр түрлі деңгейлерінде орналасқан әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігін сипаттайды.
     Сондай-ақ, Қазақстан мынадай факторлар бойынша оң динамика көрсетті: технологиялық дайындығы (52 орын, 2016ж. - 56 орын) және нарық көлемі (43 орын, 2016ж. - 45), жоғары білім және кәсіптік оқыту (56 орын, 2016ж. -57 орын).
Қазақстандағы әлсіз позициялар «Қаржы нарығын дамыту», «Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі» факторлары болып отыр.
       Ең үлкен төмендеу көрсеткіші 2 фактор бойынша белгіленді: «Макроэкономикалық орта» және «Инновациялар» бойынша.
       20 немесе одан да көп позициялардың төмендеуімен 8 индикатор бойынша айтарлықтай нашарлау байқалады: «Меншіктік құқығы» (81 орын, -23 позиция), «Мемлекеттік шығындардың қалдықтары» (65-орын, -24 позиция), «Маркетингті монополиялау дәрежесі» (91-орын, «Бизнес бастамаларға арналған күндер саны» (54-орын, 28 позиция), «Ауыртпалықсыз кедендік рәсімдер» (79-орын, 20 позиция), «Салық салудың жұмысын ынталандырудың әсері» (62-орын, «Компаниялардың ҒЗТКЖ байланысты шығыстары» (95-орын, -34 орын), «Жалақы тағайындаудағы икемділік» (105-орын, -66 позиция).
       Ал, жоғарғы көрсеткішке ие болған позициялар – «Инвесторларды қорғау», «Бастауыш білім берумен қамту», «Мемлекеттік бюджеттің теңгерімі» секілді индикаторлар болып отыр.  
ТМД елдерінің арасында Қазақстан Әзірбайжаннан (35-орын) және Ресейден (38-орын) кейін үшінші орынды иеленіп отыр.

Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді басымдықтары белгіленген. Басым бағыттар бойынша және Ел басының жолдаған жарлығына сәйкес, зияткерлік меншік саласына қатысты жұмыстарды жандандыруымыз қажет.

Сонымен қатар, 30 дамыған елдің қатарына кіру мақсатында 2020 жылға қойылған жұмыс жоспарын алға ілгерлерту бойынша, мемлекет жұмысының негізгі бөлігі қазақстан бизнесін, әсіресе шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау болмақ.

Осыған орай, зияткерлік меншік құқықтары саласы бойынша қоғамда шет елдерден заңсыз тасмалданатын тауарларға қатысты, олардың жолын кесу, болдыртпау мақсатында, жергілікті құқық қорғау органдарымен бірлескен бұйрықтың аясында тығыз тексеру іс-шаралары жасалуы қажет.

Әділет органдарының басты міндетінің бірі зияткерлік меншік құқығын қорғау болып табылады. Зияткерлік меншік адамзаттын ақыл ойымен жасалған барлық шығармалары – азаматтық мүліктік құқықтар нысаны‚ жеке немесе ұжымдық зияткерлік еңбектің нәтижелеріне айрықша меншік.

 

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық

әділет басқармасының басшысы

БОТАН Дина Балтабекқызы

«Қазақстан Заңгерлер Одағы»

РҚБ-ң ОҚО филиалының мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.