Салық төлеушілердің назарына!

Среда, 19 Сентябрь 2018 10:29 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2795 раз

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №440 бұйрығының «Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» нормаларына сай, Шымкент қалалық республикалық маңызы бар қала статусына ие болғаннан кейін:

  • БСК 201507 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан үйлердi жалға беруден түсетін кіріс көздері» республикалық бюджетке түседі, бұған дейін қалалық бюджетке- БСК 201509 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан үйлердi жалға беруден түсетін кірістер болып түсіп келген.
  • БСК 201506 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кіріс көздері» республикалық бюджетке түседі, осыған дейін қалалық бюджетке - БСК 201508 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістеріне түсіп отырған.
  • БСК 105424 «Сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы үй – жайлардан тыс ашық кеңістікте және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы» республикалық бюджетке түседі, осыған дейін - БСК 105425 Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі, аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардан тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақыны қоспағанда, сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте және облыстық маңызы бар қалада тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы қалалық бюджетке түсіп отырған.
  • Сондай – ақ, БСК 105316 «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемақы» республикалық бюджетке түсетінін ескертеміз.

 

 

                                     Еңбекші ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер

басқармасының

бас маманы

Мамаева Гүлбаршын

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.