"Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына енгізілген толықтыруларға сәйкес, 2018 жылдың 1 қазанынан бастап төмендегі қызмет түрлерімен айналысатын салық төлеушілер қызметін деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолдана отырып іске асырулары тиіс:
Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату |
Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу |
Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату |
Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек саудада сату |
Сусындарды көтерме саудада сату |
Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату |
Тоқыма бұйымдарын сату |
Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату |
Киімдерді сату |
Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату |
Сағат және зергерлік әшекейлерді сату |
Ломбард қызметі |
Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі |
Сыйақы үшін немесе келісім шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару |
Жарнама агенттіктерінің қызметі |
Құмаройындар және бәстігуді ұйымдастыру қызметі |
Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма - қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі |
Еңбекші ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы,
Ақпаратты қабылдау және
беру орталығы бөлімінің
бас маманы А.Жумашова.