ХҚО-да электрондық цифрлық қолтаңба беру тәртібі жеңілдетілді

Пятница, 21 Сентябрь 2018 11:21 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 301 раз

 photo 2018-09-19 15-58-26

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) беру процесін жеңілдетті. Бұл үрдіс «бір терезе» қағидаты бойынша пилоттық тәртіпте жүзеге асуда.

Енді ЭЦҚ алу үшін ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының (pki.gov.kz) порталы арқылы алдын-ала өтінім беріп, жеке тұлғаны растау үшін ХҚО-ға барудың қажеті жоқ. Бірден ХҚО-ға келіп, электрондық кезек талонымен маманға тікелей жүгінсе, оператор барлық қажетті өтінімдер мен операцияларды өзі орындайды. Барлық процесске шамамен 5 минут уақыт кетеді.

Қызмет алушы өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат пен usb тасымалдаушыны әкелуі тиіс.

Ал заңды тұлғалар ЭЦҚ-ны жеңілдетілген үрдіспен қазан айының соңында ала бастайды.Айта кету керек, "Азаматтарға арналған үкіметтің" фронт-офистері арқылы биылғы жылдың 8 айында 4,5 миллионға жуық ЭЦҚ берілді.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Баспасөз қызметі

Последнее изменение Пятница, 21 Сентябрь 2018 11:36
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.